- Негізгі бет
- Кино
- Константин Харалампидис: "Достоевский...
Константин Харалампидис: "Достоевский Шоқанды бауырындай жақсы көрген"
Алматыда "Ваш весь Федор Достоевский” атты фильмнің премьерасы өтті. Аталған кинокартинада қазақстандық актерлерде ойнаған. Фильмнің режиссері Константин Харалампидис. Продюсері – Андрей Сакулинский. Достоевский рөлін актер Владимир Беляйкин, ал Шоқан Уәлихановты актер, Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының жетекшісі Дунай Еспаев сомдады. Фильм жазушының туғанына 200 жыл толуына орай түсірілген. Кино туындыда Шоқан Уәлиханов пен Феодор Достоевскийдің достығы сипатталады.
Массагет порталы режиссер Константин Харалампидиспен фильм жайлы сұқбаттасты.
– Достоевский туралы фильм қай жанрда түсірілді? Көрермен жазушыны қай қырынан таниды?
– Бұл фильм қай жанрда түсірілді деген сұраққа киносыншылардың өзі жауап беруге қиналады. Себебі, алдымен кинокартина деректі фильм ретінде түсірілу керек болды. Бірақ, маған түсірілім барысында еркіндік берілгендіктен, өзім қалағанда таспаладым. Сондықтан, фильмге демеушілік еткен "ЭМО" қоғамдық қорына осындай еркіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Қазір фильмге тапсырыс бергендер мына жерде мынадай оқиға болсын, әйел тақырыбы қозғалсын тағысын тағы осы сияқты өз талаптарын қояды. Кейін жалпы өнерді ерлерге және әйелдерге арналған деп бөлетін болыпты. Меніңше, ерлерге және әйелдерге арналған боп киім немесе шаш үлгісі т.б бөлінеді. Өнер жалпы, адамзатты жырлауы керек. Ол жынысқа бөлінбейді.
Сондықтан, бұл фильмге тапсырыс бергендер маған ондай талап қойған жоқ. Еркін болдым. Түсіру барысында деректер мен көркем шындық араласып кетті. Оған өз жанымнан қосқан сценалар болды. Сонымен бірге шындық та бар. Сондықтан мен бұл кинокартинаны авторлық фильм деп атар едім. Бірақ, ондағы диологтардың барлығы Достоевскийдің өз сөзі.
Егер алдағы уақытта фильм шыққасын, оны бір сыншы белгілі бір жанр түріне жатқызып жастса, оған қуанатын едім.
фото Соломона (Шлеймы) Лейбина
– Оның Шоқан Уәлихановпен достығы кинокартинада қалай беріледі?
Фёдор Михайловичтің өзі Шоқан Уәлихановты досым деп атап, оны бауырындай жақсы көрегенін айтқан. Омбыда Достоевский мен Уәлихановтың алғаш рет кездесті. Сол кездесудің бірде-бір куәгері оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі сипаттамаған. Алайда Достоевский мен Уәлихановтың хат жазысуынан да, жазушының басқа адамдармен хат алмасуынан да оның шын мәнінде жас қазақ ғалымын досы ретінде қабылдағанын аңғарамыз. Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген құштарлығы мен халқын ағартуға деген ұмтылысы Достоевскийдің жүрегіне өте жақын болды.
“Надан адам надан мемлекет құрады”. Ұлы жазушы осындай ойларға өмірінің қайғылы оқиғаларын басынан кешіргеннен кейін келеді. Міне, осы кезде жүрегі таза, ойы пәк жас жігіт, патша әскерінің офицері – Шоқан Уәлихановты кездестіреді. Ол өзінің жан дүниесінің осы қасиеттерінің арқасында идеал әлемде орнатын тәртіпке сенеді. Ол сайып келгенде білімнің, мәдениеттің арқасында өзгере алатын адамның тазалығына сенеді. Және бұл жас жігіттің шынайылығы ерекше сезімтал жазушы Достоевскийді қызықтырмауы мүмкін емес еді.
Оған әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін адамның ішкі импульсі ұнайды. Оның жігері мен харизмасы Достоевскийді тұлға ретінде ғана емес, жазушы ретінде де тартады. Ал жазушы “Подросток” (“Жасөспірім”) романының бас кейіпкеріне Шоқандағы қасиеттерді дарытады. Сондай-ақ жас ғалым Уәлихановтағы еуразияшылдық идеясы Достоевскийге жақын еді. Жалпы, айтқанды бұл фильм адамды жақсы жаққа өзгерткісі келетін тарихта бар екі адам жайлы. Және олар мұны бірге емес, өз жолдарымен істеді. Жазушы шығармалары арқылы, ғалым ғылыми жазбалары арқылы адамзатты жақсы әлемде өмір сүрсе деді. Жазушы білім мен ғылымның жақсы адамдардың қолына түспейді, сондықтан ол қауіпті деп санады. Шоқан керісінше сенді. Жалпы, өркениеттің өзі қауіпті. Қазір өркениет пен даму адамды орға апара жатыр. Ешқашан жасанды сана мен робот адам орнын баса алмайды. Олар адам жанын алмастыра алмайды. Сондықтан бұл фильм адам жанын қалай сақтап қаламыз деген мәселені көтереді.
– Сіздің фильміңізде рөлдерді сомдаған Қазақстандық актерлер жайлы не айта аласыз?
– Уәлихановты актер, Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының жетекшісі Дунай Еспаев сомдады. Тамаша актер. Ол тәжіриебесіз актер болғанда бұл рөлге аймайтын да едім. Достоевскийдің әйелі рөлін театр актрисасы Галина Турчина ойнады. Олар “гениалный” әртістер.
Дунай (Шоқан рөлін орындаушы – ред.) мен Галина – қиын жағдайда: төрт күн күндіз-түні жұмыс істеді. Тамыздың соңы еді, күн жылы болмады. Өзендегі сценаны түсірген кезде Шоқан мен Достоевский рөлдеріндегі актерлеріміз суда бірнеше сағат болды. Мен тамаша актерлерді таңдап алдым. Мәскеудегі фильмнің түсіріліміне ресейлік актриса Ирина Купченко да қатысты. Достоевский рөлін актер Владимир Беляйкин сомдады.
– Фильмде жазушыны өмір бойы аңдып жүретін “қара кісі” туралы толығырақ айтып берсеңіз?
Жазушыны өмір бойы аңдыды. Ол түрмеден босап келгенен кейін де соңына адам салып қойды. Фёдор Михайлович өмір бойы күрескер қаламгер болды. Әділетсіздікке қарсы күресті. Кинотуындыдағы “қара кісі” жиынтық образ. Революцияшыл Достоевский мемлекетті қуыршақ адамдар басқарып отырғанын білді. Соларға қарсы көтеріліс жасауды ойлады. Көптеген революция жасауды ойлаған адамдар 100 мыңдаған адамдарды апарып орға жығады. Жазушы мұны білді. Барлық осындай көтерілістердің басында бір адам тұратын. Бірақ ол қашан да көлеңкеде қалып отырды.
– Әңгімеңізге рахмет.
Айта кетейік, кино туындыда Абай, Бетховен, Моцарт, Чайковскидің музыкалары және орыстың көне каторжан әндері орындалды.
Фильмнің түсірілім тобы:"Мир путешествий" компаниясы, сценарий авторы – Евгений Попов, оператор – Александр Капков.
Сондай-ақ, фильмді түсіруге белгілі ресейлік музыкант виолончельшілер – Владимир Словачевский мен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Сергей Словачевский, халықаралық конкурстардың лауреаты скрипкашы Рената Бакхрах, халықаралық байқаулардың лауреаты Алексей Жуков жетекшілігімен Санкт-Петербургтің Атос қонысының хоры қатысқан.
Т. Раушанұлы