- Негізгі бет
- Кино
- Компьютер ойындарына негіз...
Компьютер ойындарына негіз болған фильмдер
Ғылыми-фантастикалық романдар, компьютерлік ойындар мен фильм авторлары өз шығармаларында түрлі себеп, түрлі жолмен адамзат басына ақырзаман орнатты. Сценарийлер тек қана атомдық соғыспен шектеліп қалған жоқ. Авторлар жердегі өркениеттің тоқтап қалуынан шабыт алғаны сонша енді олар ақырзаман туралы шындап ойлана бастады. Біз төменде осындай бестселлер кино мен компьютер ойындары туралы айтып өтетін боламыз.
Роботтар адамдардан қуат көзін жасайды
Идея қай жерден? "Матрица" (The Matrix) трилогиясы
Фильм 1999 жылғы 31 наурызда американдық экрандарда жарық көрді және фильмдер трилогиясының, сондай-ақ комикстердің, компьютерлік ойындардың және мотивтерге негізделген аниманың басталуына негіз болды. Атыс-шабысқа құрылған ғылыми-фантастикалық фильм көп өтпей танымал болып кетті.
Фантастикалық жанрда жазатын Айзек Азимовтың шығармаларындағы идеялардан және Мамори Осии туындысынан шабыттанған режиссёрлер – Эндрю және Лоуренс Вачовскилер роботтардың көтерілісі туралы осындай кино туынды жаратты.
"Матрица"-да ХХІ ғасырда роботтар адамдарға қарсы көтеріліс жасайды. Машиналарға қарсы сәтсіз соғыстан соң адамдар олардың қуат көзі саналған күн сәулесін жерге түсірмейтіндей етіп тосып қояды. Бірақ роботтар энергия алудың басқа жолын ойлап табады яғни олар қуат көзін адамдардың өзінен ала бастайды.
Роботтар адамдарды батарейкаға айналтырып, жасанды түпсіз ұйқыға батырады. Осылай олар матрицаға айналады. Машиналардың тырнағынан құтылып шыққандар жердегі жалғыз қауіпсіз орын "Сеоне" деп аталып, ол жердегілер соғысты тоқтатушы "супермен"-ді күтеді.
"Матрица" көптеген компьютерлік ойындар мен кино жобаларға түрткі болды. 2003 жылы Вачовскилер ғарыштық фантастикалық "Аниматрица"-ға» продюсерлік етті.
Адамдар мұнайсыз ақылынан алжасады
Идея қай жерден? "Ессіз Макс" (Mad Max)
Режиссер Джордж Миллердің айтуынша күндердің күнінде жер бетіндегі мұнай бітеді сол кезде адамдар есінен адаса бастайды. "Ессіз Макс"-те кім рольде болса сол адам өмір сүреді деген сөз. Қарақшылар кезіп жүретін қауіпті жолдарда адамзаттың жалғыз сенімді серігі машиналар болып қалады. Болашақта қылмыстың өршігені сонша әділеттілік ертек сияқты болып қалады. Адамдар көлік дөңгелегі үшін бір-бірін өлтіруге дейін барады.
Егер киноны көріп бұлардың бәрі жалған, адамдар машиналар мен мұнай үшін бір-бірін аяусыз қырмайды десеңіз бұл пікіріңібен режиссер келіспейді.
1973 жылы жас Джордж Миллер отаны Аустралиядағы мұнай тапшылығына куә болды. Сол кезде адамдар жанармай бекеттерінде бірінші боп жанармай алу үшін күнде бір-бірін аямай ұруға, төбелесуге дайын еді және солай да болады. Сол уақытта адамдарды нарық та, кезек те, заң да тоқтата алмаған. Міне сол уақытта адамдардың жеке көлігі үшін соңғы деміне дейін күресетін картина тудыру идеясы келеді.
"Ессіз Макс" картинасынан соң "Илайдың кітабы" (he Book of Eli), "Fallout" ойын сериалы т.б ойындар мен мультфильмдер жаратылуына түрткі болды.
Тағы 2 мың жылдан соң ғаламшарымызды қожасы маймылдар болады
Идея қай жерден? "Маймылдар ғаламшары" (War for the Planet of the Apes) (фантастика)
Осы аттағы роман негізінде 1968 жылы түсірілген "Маймылдар ғаламшары" картинасы адамға онша дос емес шимпанзелер туралы еді, бірінші фильм адамға айналатын маймылдардың болашақта үлкен әулетке айналуы туралы толық емес туынды болатын. Бірақ адамзатты толықтай құл ететін фильм 2011 жылы "Маймылдар ғаламшарындағы көтеріліс" картинасында кеңінен баяндалады.
Сюжет бойынша альцгеймер ауруына қарсы дәрі-дәрмек жасап шығару мақсатында адамдар маймылдарға тәжрибелер жасайды. Жаңадан жасалған дәрілер маймылдарға әсер етіп тез дами бастайды. Нәтижесінде оларды қамап қойған темір тор да ұстап тұра алмайды.
Осыдан соң маймылдар қапастан қашып, тәуелсіздікке ие болады. Ал, адамдар ойлап табылған вакцинаның кесірінен апатқа ұшырайды. Жер бетіндегі адамзаттың жартысы қайтыс болады. Маймылдар сан жағынан артық һәм күшті жер бетінің қожаларына айналады.
Дарвин теориясының қарама-қайшысы болып есептелетін картина адамдар арасында кеңінен таралды. Маймыл ғаламшары туралы толық метражды 9 фильм түсірілді. Адамзат тарихының маймылдарға құлдықта болу тарихы "Жұлдызаралық соғыс" фильміндей соншалықты танымал болмаса да соған жете қабыл танымалдылыққа ие болды.
"Жауыздық вирусі" адамдарды қалай мәңгүртке айналдырады
Идея қай жерден? "28 күннен соң" (28 Days Later)
"28 күннен соң" зомби-апакалипсис туралы алғашқы фильм емес, бірақ дәл осы картина ғылыми тұрғыдан адамзатты жоқ қылып жіберуді кең түрде көрсетіп бере алды.
Кинода ғалымдар "Валиум" орнына басқа қауіпті вирусты жасайды. Тәжрибе маймылдарға жасалып, ол бір адамды тістеп алғанан соң эпидемия басталады. Бақылаудан шығып кеткен вирус Англиға таралып халықтың көпшілігін зомби етеді.
"Жауыздық вирусі" адам жүйкесіне бірден әсер етіп оны қатігез етіп жібереді. Айналасына жек көрушілікпен қарайды. Кинодағы вирусқа негіз етіп "Эбола" безгегі алынған. Себебі безгекте дененің құрғап қалуы, көзден қан кету сияқты сырт белгілер бар. Эболаға ұқсап кинода да "жауыздық вирусы" қан арқылы жұғады.
Киноның бірінші бөлімі біткесін оның жалғасы "28 аптадан соң" (28 week Later) картинасы шықты.
Мүрделердің картинада жоқ болғанына қарамай "28 күннен соң" киносы зомби-жанрға қатты әсер етті. Кинодағы идея атақты "Left4Dead" компьютерлік ойынында көрініс тапқан.
Ядролық соғыстан соң адамдар метро аялдамаларында жасай бастайды.
Идея қай жерден? "Метро 2033" романы
2005 жылы шыққан Дмитрий Глуховскийдің "Метро 2033" деп аталатын романы фантастик кинолардың негізіне айнала бастады. Кітап атом соғысынан аман қалғандар метро аялдамаларына қоныс тебе бастағандар жайлы баяндайды. Тірі қалғандар жер астында өз өркениетін жаратады.
Бұл мекенде тыныштықта өмір сүретін аялдамалар көп, бірақ кейбір аялдамаларды қылмыстық топтар иелеп, өз үкімін жүргізеді. Адамдар тірі қалу үшін – көкөніс өндіруді, қараңғыда қалай жүруді, қалай тамақ табуды үйренеді.
Өмірін қауіпке тігіп, жоғарыға мутанттар иеленген жер бетіне шыққан сталкерлер ол жақтан дәрі-дәрмек іздейді. Жер бетінде метродан басқа жерлерде тірі жан қалмайды, жоғарыдағы өсімдіктер сәулелену кәсерінен өзгеріске ұшырап, адам қорқатындай кейіпке енеді. Олар анда-санда адамдардың мекені саналатын метроға "сығалап" та қояды.
"Метро 2033" романы бірнеше тілге аударылған болып, Ресейде де шет елде де өз оқырмандарына ие шығарма. Осы кітап негізінде 2010 жылы компьютерлік ойын жасалды. Ойын онша таралмаған болса да, сыншылар тарапынан жылы қабылданды.
Т. Раушанұлы