Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Меломан», Kinopark және KFC компанияларының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы қазақ тіліне дубляждалған «Тачки 3»/«Көліктер 3» мультфильмінің Алматы қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен белсенді жастарына арналған қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
«Тачки 3» − қазақ тілінде дубляж жасалған Walt Disney/Pixar студиясының анимациялық комедиялық франшизасының үшінші бөлігі. Сөйлейтін машиналардың шытырман оқиғалары бұрынғы таңғалдырарлық жылдамдықта жалғасады! Найзағай Маккуинді қызықты шытырман оқиғалар күтіп тұр, онда ол жаңа достарын кездестіреді, жарысушыны тек мотор жылдамдығы мен қуаты ғана чемпион етпейтінін түсінеді.
Жаңа сындар, жаңа қарсыластар мен жаңа жеңістер – осының барлығы қазақ тілінде. «Тачки 3»/«Көліктер 3» − қазақ тіліне дубляж жасалған 20-шы фильм. «Тачки 2»/«Көліктер 2» мультфильмінің алдыңғы бөлімінен бастап голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляж жасау жобасы басталды, ал қазақстандықтар әлемдік киностудиялардың фильмдерін екі тілде тамашалау мүмкіндігін алды. Қазақша дубляждың режиссері және мәтінді үйлестірушісі алғашқы «Тачки 2»/«Көліктер 2» фильмінің режиссері Айжан Жамшитова болды. Дубляжға барлығы 30-дан аса актер қатысты. Бас кейіпкерлерге Азамат Қанапия (Мэтро), Сая Тоқманғалиева (Круз Рамирез), Сырым Қашқабаев (Джэксон Шторм), Нартай Сауданбекұлы (Стерлинг), Болат Узақов (Смоки Мо) және басқалары өз дауыстарын сыйлады. Мәтіннің аудармашысы – Нұрдәулет Затилла.
Голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасын ең алғаш ұсынған Алматы қаласының әкімі, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің құрметті мүшесі − Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.