«Көк тарландары» телехикаясы көрерменге жол тартпақ

«Көк тарландары» телехикаясы көрерменге жол тартпақ

«Қазақстан» Ұлттық арнасында 1 қазанда тұсауы кесілетін телехикая сюжеті Қазақстан әскері қатарындағы әуе десанттарының жауынгерлік өмірі негізінде өрбиді. Отан үшін жанқиярлық іске басын тігетін ел перзенттерінің күш-жігері мен өр рухына негізделген телехикая тәрбиелік сипатқа толы болмақ.

16 бөлімнен тұратын телехикаяның режиссері – белгілі актер, сценарист, режиссер Ержан Рүстембеков. Ал бас продюсері «MG Production» кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков. Қазақ сарбаздарының рөлін сомдайтын негізгі төрт кейіпкеріміз: «V-Alem» тобының әншісі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Жалын Тілеубергенов, жас актерлер Мерей Мақанов, Олжас Жақыпбек және Ұлан Болатбеков. Түсірілім жұмыстары Қапшағай қаласындағы ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлердің 35-гвардиялық десанттық шабуыл­даушы бригадасының базасында өткен. Отан алдында борышын өтеушілердің өмір салты, әскердегі қиын жағдайға төзімділік таныту, ар-намыс кодексінің сарапқа салынуы хикаяның негізгі мотиві. Әскери өмірді насихаттау мақсатында жарыққа шыққан аталмыш телетоптама еліміздің жастарын патриот болуға, намысшыл болуға шақыратын тың туынды. Ендеше, келесі айдың бірінші күнінен бастап, премьераны отбасыңызбен отырып көруге кеңес береміз.


 Дайындаған Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: facebook.com

А. Құлтай