- Негізгі бет
- Кино
- "Кинотаврда" Руминовтың "Қасыңдамын"...
"Кинотаврда" Руминовтың "Қасыңдамын" фильмі үздік деп танылды
Ресейде өткен "Кинотавр" кинофестивалі аяқталды. Бас жүлдені Павел Руминов "Я буду рядом" (Қасыңдамын) фильмі үшін алды. Бұл туралы Риа новости хабарлады.
Картина ми рагі ауруына шалдыққан әйел туралы. Кино желісі 6 жасар ұлы бар ананың жаңа отбасын іздеу кезіндегі оқиғаларға құралған. Көпшілік алдында сөз алған Руминов: "Бұл тақырыпқа кірісіп, аяқ баспастан бұрын, бір жылдай уақытымды аналардың қасында өткіздім. Олардың сәбилері үшін не нәрсеге бара алатындығын көріп қатты әсер алдым. Және бір байқағаным ауруханада жатқан олар фильмді көп қарайды екен. Соның ішінде орыс фильмдерін. Содан кейін біздің жұмысымыз пайдасыз болып жатпағандығына көзім жетті", - деп ағынан жарылды.
Үздік режиссер атағын Василий Сигарев "Жить" (Өмір сүру) фильмі үшін алды. Үздік сценарий сыйлығына "Рассказы" (Әңгімелер) альманахы үшін Михаил Сегал ие болды. "Жить" (Өмір сүру) фильмін түсірген Алишер Замидходжаев үздік оператор атанды. Авдотья Смирнованың "Кококо" картинасында өнер көрсеткен Анна Михалкова мен Яна Троянова үздік актрисалар атанды. Ал Алексей Мизгриевтың "Конвой" картинасында төбе көрсеткен Азамат Нигманов ер адамның рөлін сомдаған үздік актер ретіне танылды. Өз кезегінде "Конвой" фильмінің саундтрегі үздік музыка сыйлығына ие болды. Александра Касаткина мен Наталья Назаровтың "Дочь" (Қызым) фильмі үздік дебют ретінде ауызға алынды.
Бәйгеге ұзын саны 15 толық метражды фильм қатысқан екен. "Кинотавр" Сочи қаласында тамыздың 3-10 аралығында өткендігін естеріңізге сала кетелік. Қазылар алқасына Владимир Хотиненко төрағалық қылды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ruskino.ru
("Я буду рядом" (Қасыңдамын) фильмінен көрініс)