- Негізгі бет
- Кино
- Кинодан көргенім -...
Кинодан көргенім - фильмнен түйгенім
АҚШ-тағы бүкіл телефон нөмірлері 555 санынан басталады.
Ғарыш кемесі қаншалықты зардап шегіп жатпасын, ішкі гравитациялық жүйесі еш уақытта істен шықпақ емес.
Өсіп-өнген ортасына қарамастан, барлығы да ағылшын тілінде сөйлейді. Тіпті, ол қатарда Жерде болып көрмегендері де. Мен кемеден ағылшынша сөйлеп түсетін өзгепланеталықтарды айтып отырмын.
Ұйқыға жатар алдында бөлме жарығын өшірсеңіз де, бөлме іші күңгірттеніп, бәрі көрініп тұрады.
Бүкіл компьютерлік дискілер бағдарламалық жасақталуына қарамастан барлық дерлік компьютерлерде жұмыс жасай береді.
Көгілді экран қосыла сала сіздің жан-жүйеңізді тітіренкенткен жаңалықты беріп жатады.
Жақын туыстардың барлығы бір-біріне ұқсамайды, мүмкін, бала кезде ұқсаған шығар...
Фотографияның көлемі қаншалықты кіші болмасын, кішкентай детальдарды көргенге дейінгі аралықта үлкейе бермек.
Әр елден келген жандардың барлығы дерлік бір-бірімен ағылшынша сөйлескенді жөн табады.
Барлық жазушылар - байлар, барлық баспа компаниялары - есерсоқтар, және де барлық суретшілердың жоғары қабатта жақсы жарықтандырылған керемет студиялары бар.
Егер сарапшы (эксперт) бір қорытынды жасап және оған ешкім сенбей жатса, түптің түбінде сарапшының айтқаны айна қатесіз келеді. Ал егер сарапшыға сенім білдіріп жатса, онда ешқандандай олқылық атаулысы орын алмайды.
Көпшілік лэптоптар - дұшпан жақтың жатжерлік өркениеттік коммуникациялық жүйесін басқаруды қолға алуда барынша қабілетті болып шығады.
Асханада жарық жоқ болғандықтан, түнде кіре қалсаңыз, жарығын пайдалану үшін алдымен тоңазытқышты барып ашасыз.
Кез келген ғимараттың желдеткіш жүйесі - ғаламат бас сауғалар жер. Сізді ешкім ол жерден іздеп жатпайды және ғимараттың кез келген бөлігінен ене аласыз.
Барлық дерлік жарылғыш заттарда үлкен қызыл таблосы бар электронды есептегіштер шоғырланған. Сондықтан, қай уақытта жарылатынын дәл белгілі.
Жатын бөлме жамылғыштары арнайы жасалғандай ( L-формалы). Әйелдің иығына дейін жамылса, ер адамның белінен аспайды.
Кинолардың бас қаһарманы мәтінді тез теретінін соншалықты, тіпті, пернетақта астындағы үзбе (пробел) ешуақытта қолданылмайды.
Су астында аквалангпен жүзіп жүрсеңіз де, ерін далабы ешқашан кетпейді.
Егер кинода екінші бір қаһарман мен түспеуі қажет қараңғы жертөле тұрса, онда әлгі адам міндетті түрде кіретін болады. Және "Кім бар?" деген ақымақ сұрағын қойып, тура бастан бір соққы алып тынады.
Егер сіз бітімі бөлек, көрікті ақ сары қыз болсаңыз, онда, бәрінен бұрын, 22 жасыңызда ядорлы қару-жарақтың әлемдік сарапшысына айналасыз.
Егер сіз көлікпен тузу көшенің бойында жалғыз келе жатсаңыз, онда міндетті түрде рөлді оңға-солға бұрып бағыттап отырыңыз.
Егер радиация белгісі орын алып қалар жағдай туындаса, онда, сөзсіз, жасыл түсті болып шықпақ.
Жауыздың физиономиясы жауыздықтан айқын ақпар беріп тұрады. Оларды сыртқы келбетіне қарап құрықтай берсеңіз де болатындай.
Көбіне жөтел арты емі жоқ ауру болып шығады.
Такистпен есептесіп жатқанда, әмиянға көз салмай-ақ қойыңыз. Қолыңызды салсаңыз болғаны, керекті төлемнің өзі шыға келеді.
Кез келген құлып санаулы секундтар ішінде кредит картасымен немесе кеңсе бұйымдарымен оңайлықпен ашыла кетеді. Ал бала қалып кеткен өртенген ғимарат жағдайында бәрі басқаша.
Кез келген компьютер 2 секундтың ішінде қосыла кетеді.
Қорқыныштан шошып оянған әрбір адам отыра кетеді де, ауыр тыныс ала бастайды.
Елеспен бір үйде қалған әйел әдемі іш көйлегін киіп алып, әр шудың артынан еріп отыруы тиіс.
Төбелес сәтінде жұдырықтаcу өнерін көрсетсеңіз болды, жеңіп шығасыз. Бұл тұста жауыңыз қаншалықты көп болсын, бәрібір. Жауларыңыз айнала қоршап алып, бір-бірлеріне кезек беріп, қашан сіз оларды соққыға алғанша күтіп тұрады.
Қажет сәтте кез келген кеңсенің алдында көлік тұрағы деген қиындық туындамайды.
Жаңадан туылған сәбилер былдырлап, мойындарын бұруға қабілетті екен.
Бір ғана сірке талы бүкіл бір бөлмені жарық қылуға жетеді.
Cурет: foolks.org
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига