Кинодағы жасырын жарнамалар

Кинематографиядағы қазіргі жасырын жарнамалардың алуан түрлілігі соншалық, одан тауардың барлық түрін кездестіруге болады.

Кинобизнестегі жасырын жарнаманың негізгі бөлігі азық-түлік тауарларына тиесілі болса, одан соң косметикалық тауарлар жарнамаланады. Ал нарықтың қалған бөлігіне автокөліктер, банк қызметтері, электроника мен байланыс құралдары, демалыс орындары, қонақ үйлер тұрақтаған.

Сондай-ақ, алкоголь мен темекі тауарларының нарығы да үлкен қарқынмен дамып келеді. Бұның себебі, кейбір елдерде сыраның, темекінің тікелей жарнамалануына тыйым салынуында.

Мейманхана бизнесі

Мейманханалық бизнес – жасырын жарнама нарығындағы алпауыттардың бірі. Әсіресе АҚШ елінде. Заманауи фильмдердің көбінде оқиға қонақ үйлердің бірінде орын алып жатады. Мәселен, «Қызметші ханым» (Госпожа Горничная) фильмі Нью-Йорк қаласындағы әйгілі The Roosevelt Hotel-де түсірілген. Ал «Оушеннің 11 досы» (11 друзей Оушена) фильмінің түсірілімі Лас-Вегас қаласындағы Bellagio Resort қонақ үйінде өткен. Фильм түсірілімінен соң, аталған қонақ үйлер бұрынғыдан да танымал бола бастаған. Сондай-ақ, Париждегі Chateau de Villette-тің бүкіл әлемге танылуы «Код да Винчи» фильмінің арқасы деп санауға болады.

Ұялы телефондар


Ұялы телефондар 1990 жылдардың ортасында жарыққа шыққан сәттен бастап, бірде-бір кино осы бір байланыс қызметін айналып өте алмайтын болды десек, еш қателеспеспіз. Мұның айқын дәлелі ретінде 1997 жылғы «Святой» фильмінде Nokia компаниясының өз ұялы телефондарын жарнамалауын айтуға болады. Ал америкалық кинодағы ең батыл да сұлу жігіт – атақты тыңшы Джеймс Бонд «Умри, но не сейчас» фильмінде бүкіл әлемге тек Sony-Ericsson маркалы телефондарды ұнататындығын көрсеткен еді. Өз кезегінде Nokia 8110 телефондары «Матрица» фильміндегі жасырын жарнаманың арқасында сатылым хитіне айналған: Nokia компаниясы аталған телефонның 8 миллион данасын сатқан екен. Рroduct placement-тің әсер ету деңгейін түсінген Samsung корпорациясы да «Матрицаның» келесі бөлімінде өз ұялы телефондарын жарнамалауға ұсынған.

Ұялы телефондар тіпті фильмнің басты кейіпкері атанып жататыны да белгілі. Мысалы, соның бірі - иесінің барлық қалауын орындайтын «Чертов мобильник» атты француз комедиясы. 
Қазақ режисерлері де бұдан шеттеп қалған жоқ. Тимур Бекмамбетовтың «Ночной дозор» мен «Дневной дозор» фильмдерінде де Nokia телефондары мен МТС байланыс желісі белсенді жарнамаланған болатын.

Провайдерлер

Байланысудың жаңа технологиясы – Интернет пен компьютерлер адам өміріне түпкілікті енгелі бері, оларды кинодан да көруге болады.

Автокөліктер

Автокөлік product placement-ті авто шығарушыларға айтарлықтай табыс әкелген сәттерге толы. Айтар болсақ, "Парк юрского период" киносындағы Ford Explorer-дің жасырын жарнамасы аталған көліктің сатылымын көбейткен. Ал автокөлік жарнамасындағы маңдай алды үлгі деп Джеймс Бонд жайлы фильмдерді айтуға болады.

Audi автоконцерні «Я робот» фильмі үшін арнайы Audi RSQ моделін жасап шығарған.

«Лара Крофт. Расхитительница гробниц» Jeep Wrangler Rubicon көлігін жарнамаласа, «Ангелы Чарли» - Ford Mustang Cobra көлігін көрермендерге таныстырды.

Алайда, заманауи фильмдерден бірден бірнеше брендтің жасырын жарнамасын кездестіруге болады. Сондай фильмдердің бірі 2007 жылы түсірілген «Трансформер». Киноға Cadillac, Chevrolet, Ford, CMC, Hummer, Pontiac, Por­sche, Saturn, Toyota, Volkswagen автокөліктері қолданылған.

Банктер мен пошта қызметтері

Банк қызметі де көркем фильмдер мен сериалдарда кеңінен жарнамалануда. Оның ішінде төлем жүйесі - VISA-ны айтуға болады.

Ішімдік

Алкогольді сусындар жарнамасы - product placement-тің ең басты бағыттарының бірі. Голливудтық «Африканская королева» фильмі 1950 жылдардың басында Gordon’s Gin-ді жарнамалаумен болса, 1945 жылы түсірілген «Милдред Пирсте» Джоан Кроу «Jack Daniels» вискиінің көмегімен есеңгіреу мен уайымның алдын алуға болатынын жарнамалаған еді.

Ал атақты Джеймс Бонд шамамен 40 жыл бойы Smirnoff Red (кинода) арағын ішіп келген, бірақ, кейінірек талғамын Finlandia-ға ауыстырды.

Сусындар


Газды сусындардің әлемдік кинематографта алар орны ерекше. Жасырын жарнамада алғаш пайда болғандардың бірі және ең сәттісі сондай-ақ, жарнамалаудағы классикалық үлгі саналатын Pepsi өнімдерін ерекше атап өтуге болады. «Назад в будущее» трилогиясының бірінші бөлімінде Diet Pepsi қатысуымен болған сахналар әр 30 минут сайын көрсетіліп отырған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: myspace.com, pcmag.com, adme.ru, tri-mushketera.ru, 

pokerkino.ru, friki.net, therobblog.com