- Негізгі бет
- Кино
- Кино тарихындағы үздік...
Кино тарихындағы үздік дуэттер
Фильмдердегі актерлердің өзара қарым-қатынасы мен арасындағы байланыс (химия) көрермен үшін маңызды. Әсіресе, достар не әріптес рөлін сомдайтын актерлер дуэтінің рөлі ерекше. Бүгін кино тарихындағы бір-біріне ұқсамайтын, әр түрлі бағытта танымалдылыққа ие актерлердің үздік дуэттерін ұсынамыз.
Уилл Смит пен Томми Ли Джонс
"Қара киімділер" / "Люди в черном" (1997-2012)
Фантастикалық франшизаның алғашқы бөлімі шыққан кезде агент рөлін сомдайтын Томми Ли Джонс әлдеқашан "Оскар" жүлдесін иеленген еді. Ал, Уилл Смит болса енді ғана кәсіби мансабын бастаған жас актер тұғын. Барри Зоненфельдтің "Қара киімділер" фантастикалық фильмі үлкен кино әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Кассалық жиыны $589 миллион болса, одан бөлек көрерменге ең жарқын дуэт сыйлады.
Уилл Смит пен Томми Ли Джонстың сомдауындағы агент Джей мен Кей сюжеттік әрі психологиялық тұрғыдан өзара үйлесім болмағанда осыншалықты танымал болмас еді. Басты кейіпкерлердің бірі ешкімге бағынбауды қаламайтын, алды-артын ойлай бермейтін жас жігіт болса, екіншісі өмірден көргені бар, салмақты ересек. Фильмде екі буын өкілін бір-бірімен байланыстыра отырып, олардың бір ортада тоғысуы үшін жұмыстанады. Мысалы, Кей әрқашан көлікте ескі ковбой әуенін тыңдайды, ал Джей оны тіпті музыка қатарына жатқызбайды. Фильмде нағыз еркек қандай болу керек деген тақырып арасында өзара талас орнайды: Джей қорықпау керек деп есептесе, Кей сақ болған дұрыс дейді. Олардың арасындағы қарым-қатынас фильмнің өтімді болуына әсер етті.
Джеки Чан мен Крис Такер
"Қарбалас" / "Час пик" (1998-2007)
"Қарбалас" фильмінде басты рөлді сомдайтын Джеки Чан мен Крис Такер дуэті шығыс Азия мемлекеттерінің тұрғындарына тән жайлылық пен батыстың ширақ қимылын үйлестіре білгендей. Сюжет бойынша екі актер өздерінің этникалық топтарын салыстырып, өзара әзілдейді: қу әрі ширақ америкалық полицей әлде адамгершілікті жоғары қоятын жауынгер мықты ма деген ой туады. Бірінші бөлімінде екі мәдениеттің арасындағы өзара түсініспеушіліктің туындауын және қалай шешім табатынын көрсетсе, кейінгі фильмдерде олардың бірігуін көрсетеді.
Ченнинг Татум мен Джона Хилл
"Тартымды мен оқымысты" / "Мачо и ботан" (2012-2014)
Бастапқыда фильмде полицейлерге түсірілген пародия деп жоспарлағандықтан, басты рөлдердің Ченнинг Татум мен Джона Хиллге бұйырғанында аса таңқаларлық ешнәрсе жоқ. Бұлшықетті болғанымен, Татумды тым сымбаттылар қатарына қосып, әскери не атыс-шабыс фильмдеріне жиі жолата қоймайды. Ал, аса сымбатты болмаса да, Джона Хилл өзіне тән тартымдылығымен көзге түседі. Ченнинг Татумның сомдауындағы Дженко есімді өзін-өзі тым жоғары бағалайтын, бір кездері мектепте "атаман" болған жігіт пен оқудан басқа қызығушылығы жоқ, өмірі жолы бола қоймайтын Шмидт көз алдымызда ең жақын достарға айналады. Біріншісі өз-өзіне сенімді болуды үйретсе, екіншісі адамдардың арасында өзін қалай ұстау керектігін үйретеді.
Марк Уолберг пен Уилл Феррелл
"Сәлем, әке, жаңа жыл" / "Здравствуй, папа, Новый год!" (2015-2017)
Татум-Хилл дуэті секілді, Марк Уолберг пен Уилл Ферреллдің кейіпкерлері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Уолберг денелі болғанына қарамастан, бойы тым қысқа. Ал, екіншісі ұзын, бірақ , икемсіз. Біріншінің кейіпкерлері — өз-өзіне сенімсіз дөрекі жігіт болса, екіншісі көбіне әдепті, сабырлы адамның рөлін сомдайды.
Арнольд Шварценеггер мен Дэнни ДеВито
"Егіздер" / "Близнецы" (1988)
Режиссер Айвен Райтманның фильмдерінде басты рөлді сомдайтын актерлердің ерекшелігі тек олардың сыртқы келбетінде ғана емес, күлкіден ішек-сілеңді қатыратын олардың харизмасы мен актерлік шеберлігінде екені жасырын емес.
Дуэйн Джонсон мен Кевин Харт
"Бір жарым тыңшы" / "Полтора шпиона" (2016)
"Джуманджи: Джунгли дауысы" / "Джуманджи: Зов джунглей" (2017)
Актер Дуэйн Джонсон мен Кевин Харт – заманауи Шварценеггер мен ДеВито – олар алғаш рет "Бір жарым тыңшы" фильмінде бас қосады. Екінші фильмдегі образдары да алғашқыдағыдан аса ерекшелене қоймайды. Джонсон мен Харт әлемді жойып жіберетін алауыт апаттың алдын-алуға тырысқан сыныптастарды сомдаса, екіншісінде видео ойынның тұтқынына айналған мектептегі достардың "аватары" ретінде ойнайды.
Сандра Буллок пен Мелисса Маккарти
"Белдемше киген коптар" / "Копы в юбках" (2013)
Криминал комедияда актриса Сандра Буллок пен Мелисса Маккарти есірткі саудасымен айналысатын алып сатушыны торға түсіру үшін бір жұмыс істейтін полицей серіктестердің рөлін сомдайды. Маккартидің дөрекі әрекеттері "сұлулық эталоны" саналатын Сандра Буллоктің жұмбақ мінезімен ерекше үйлесімділікке ие болады. Басында екі актрисаның арасында "химияның" туындайтынына күмәнмен қарағанымен, кейін фильмнен соң күмән сейілгендей болды.