- Негізгі бет
- Кино
- Ким Ки Дуктың...
Ким Ки Дуктың үздік 5 фильмі
Оңтүстік Кореяның танымал режиссері, Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерінің лауреаты Ким Ки Дук 11 желтоқсанда Латвиядағы ауруханада Covid-19-дан қайтыс болды.
59 жастағы режиссердің Латвияға Санкт-Петербургтен Эстония арқылы келгені хабарланған. Ресми емес мәліметтер бойынша, ол Юрмаладан үй сатып алып, тұруға рұқсат алғысы келген.
Ким Ки Дук – "Көктем, Жаз, Күз, Қыс және тағы Көктем", "Пьета", "Тор", "Мебиус", "Арал" және тағы басқа 20 фильмнің авторы. Назарыңызға кинорежиссердің үздік 5 фильмін ұсынамыз.
1. Пьета
Режиссердің бұл фильмі бірнеше кинофестивальдің жеңімпазы атанған. Киносыншылар жоғары бағалаған.
30 жастағы Ли Канг До Сеулде несиесін қайтара алмай жүргендерді жазалаушы болып жұмыс істейді. Ол борышкерлер арасында садистігімен қатігез адам болып танылған. Бірде ол өзін оның анасымын деп таныстырған әйелмен танысады. Осыдан соң ол отбасылық өмірді сезініп және кейбір борышкерлермен әңгімелесудің арқасында ақшадан да маңызды нәрселер бар екенін түсінеді және қылмыс әлемінен кетуге бел буады. Бірақ күтпеген оқиға бәрін өзгертеді.
2. Көктем, жаз, күз, қыс ... және тағы да көктем
Аталмыш фильм бірнеше кинофестивальдің лауреаты атанған. 2004 жылы Азия-Тынық мұхиты елдерінің Тынық мұхиты меридианы II Халықаралық кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды.
Табиғат ырғағына бағынатын тыныш таулы аймақта ауа райы көлдің мөлдір бетімен жылжиды. Оның тұрғындары – емші-монах және оның жас шәкірті. Бұл қарт монахты ақиқаттан тек ажал қабығы бөліп тұрғанымен, ол болашақ оқиғалардың алдын ала алмайды, өйткені ешкім де жыл мезгілдерін өзгерте алмайды. Сонымен көктем, жаз, күз, қыс өтіп, көктем тағы келеді.
3. Тартылған садақ
Бұл фильм 2006 жылы Мар-дель-Платадағы кинофестивальде "үздік фильм" номинациясын жеңіп алды.
60 жастағы ер адам мен бойжеткен қоғамнан жырақта, қайықта бірге өмір сүреді. Олар өз қайығын балықшыларға жалға береді. Бұл таңғаларлық жұптың үйленуі жас ханымның 17-ші туған күніне жоспарланған. 60 жастағы қарт күйеу жігіт мерекеге қызу дайындық үстінде жүреді. Бірақ қыз бен күтпеген жерден пайда болған жас балықшы арасында жасөспірім махаббатының ұшқыны пайда болған кезде бәрі өзгереді.
4. Ариран
Аталмыш фильм Канн кинофестивалінде "Ерекше көзқарас" аталымы бойынша лауреат атанған.
Ким Ки Дук өміріндегі кейбір сәтсіздіктеден кейін кинодан бас тартып, тауда жалғыз өзі өмір сүрген. Үш жыл бойы саяқ жүрген режиссер осы жан арпалысын кинода таспалаған. Туристік шатыр, мысық, пеш, жиһаз және өзі жасаған кофе машинасы, күріш қайнатқыш, қарапайым өмір, қарапайым тамақ және қарапайым бейнекамера ... Режиссердің болашақта қандай жоспары бар және ол тағы да кино түсіре ме? Осы және басқа сұрақтарға жауап беріп, маңызды шешім қабылдау үшін режиссер ішкі жан дүниесін экранда көрсеткен.
5. Тор
Кедей балықшы Нам Чхор-У әйелі және қызымен бірге Солтүстік пен Оңтүстік Кореяны бөлетін өзеннің жағалауында қарапайым, бірақ бақытты өмір сүреді. Намның шекара аймағында балық аулауға арнайы рұқсаты бар және барлық шекарашылар оған сенеді. Бірақ бір күні оның қайығының моторы балық торына оралып, оталмай қалып, ағын Намды оңтүстік жағалауға апарып тастайды. Сөйтіп, ол Оңтүстік Корея арнайы қызметтің қолына түседі. Намды тыңшысың деп қатаң тергейді, қинайды. Жаланы мойындамаған соң Оңтүстіктегі өмір салтымен "осында қал" деп азғырады. Бірақ Нам әйелі мен қызына оралуды қалайды. Ал Солтүстік Кореяда оны қатігез үкімет адамдары күтіп тұрады.