Америка киноөнері академиясының 85-кезекті "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі 24 ақпанда Академияның кинотеатр залында өтеді. «Оскар» тарихына тағы бір үңілер болсақ, сыйлық алғаш рет 1929 жылы табысталған екен. Көиноөнер туындылары әр сала бойынша дауыс беру арқылы шешіледі. Биіктігі 34 см, салмағы 3.85 кг оскарлық мүсін алтынмен қапталған британийден құйылған жане қара мәрмәрдан жасалған постаментте жатыр. Ол ленталық бобинада тұрған қылышты батырды бейнелейді. Аңыз бойынша, «Оскардың» бейнесін ойлап тапқан Седрик Гиббонс іш пыстыратын бір жиналыста оның эскизін қойын кітапшасына түсіріпті. Академияның құрамына 6000-нан аса адам кіреді. Қызыл кілемнің ұзындығы – 150 метрдей, ені – 10м. Ол әрқайсысы 135 кг-нан тұратын бірнеше орамадан тұрады, жалпы салмағы – 5 тонна. Кинотеатрға кілем салтанатқа 4 күн қалғанда екі үлкен жүк машинасымен жеткізіледі. Кілемнің бүкіл бөліктерін біріктіріп, қиылысқан жерлерін жауып, түзетіп төсеуге 2 күн және 21 адам қажет. Салтанат біткен соң, кілемді жинай бастайды. Оған 4 сағат кетеді.
Салтанатты шараның дайындық кезеңінен көріністер ұсынамыз:
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: news.cn