Құман Тастанбеков десе ең алдымен көз алдымызға Қыз Жібек фильмі келеді. Төлегенді сомдаған қазақ актері бүгін өмірден өтті. Жарты ғасырға жуық шығармашылық өмірінде кино мен театр әлемінде түрлі образдарды сомдаған актердің қазақ мәдениеті мен өнеріне қалдырған ізі мәңгілік сөнбейтіні анық. Құман Тастанбеков ҚР халық әртісі. 1968 жылы Мұхтарр Әуезов атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры құрамына қабылданды. Кино әлеміндегі алғашқы рөлі Төлеген болатын. Кейін Қыс мазасыз маусым, Ағам менің, Аққулар ұшып келеді Аққыз сынды фильмдерге түскен еді. Театр әлемінде Шыңғы Айтматовтың Ана жер анасында қойылымында Қасымның образы арқылы халықтың ықыласна ие болса, одан бөлек бірнеше қойылымдарда бағын сынап, сахнада сан алуан кейіпкерлердің галериясын жасады. Мені кино өнерінің таңғажайып аралына бастаған да, оның екінің біріне ашыла қоймайтын көкжиегіне еліткен де осы Қыз Жібек болатын. Ол кезде мен Құрманғазы атындағы консерваторияның студентімін. Қазақ кинематографиясының негізін қалаушылардың бірі С.Қожықовтың Қыз Жібек фильміне кастинг жарияланып, ол өзінің ассистенті Галя Мағауина екеуі жатақханаға келіп, бірнеше болашақ актер жігіттердің фотоларын алып кетті. Арада біраз уақыт өткенде, Төлеген рөліне мені лайық деп тапқандарын хабарлады. Төлеген тек Жібекке іңкәр жігіт ғана емес, елінің ертеңін ойлаған хас батыр, дара тұлға. Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Меруерт Өтекешова және мен төртеуіміз бір ай бойы Алматы ипподромында атқа мініп, жаттығу жұмыстарын жүргіздік. Біз ат құлағында ойнап өскен ауыл баласымыз, атқа отыру аса қиын емес... деп Алаш айнасы басылымында берген сұхбатында актер өзінің ең үздік рөлін еске алған болатын. Бүгін сол ақ боз ат иесіз қалды.