Қазақтың өз Голливуды болады – Kazakhwood

Жақын арада Голливуд киноаңызының аналогы елімізде де жұмысын бастамақ. Жобаның аты – Kazakhwood. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне продюсерлік орталығының құрушысы Бақыт Аупбаев хабарлаған.

Мұндай продюсерлік орталықтың құрылуының негізгі мақсаты – қазақстандық өнімді шет елдерге Kazakhwood деген брендпен сату, дейді Аупбаев мырза. Негізгі өнім – Қазақстандағы барлық музыкалық тауарлар, бейнебаян, театр қойылымдары, деректі және көркем фильмдер болып отыр.

«Мәселен, Спилберг фильм түсіреді, афишаларда Universal Pictures немесе басқа бір кинокомпания түсірді деп айтылады. Ал пиар-кампанияның өтуі барысында бұл фильм де қатардағы голливудтық фильм делініп таныстырылады. Мұнда да, Ақан Сатаев немесе Баян Есентаева фильм түсірсе, кейін жарнамалық кампания кезінде бұл да бір қазақвудтық фильм деп таныстырылатын болады», - дейді Аупбаев.

Аупбаев мырзаға Kazakhwood құру туралы ой 15 жыл бұрын-ақ келіп қойыпты. Нью-Йорк киноөнер академиясын бітіріп, жас режисер шет елде алған тәжірибесін отанымызда да жасамақшы екен. Болашақта Kazakhwood толық циклды продюсерлік компания болуға бел буып отыр. Қазіргі таңда авторлар осы аттас журнал шығаруды ойлап жатқан көрінеді, онда қазақстандық жобалар жайлы ақпараттар беріліп отырады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz