Қазақстандық "Студент" фильмі Каннда сәтті картина деп танылды

Қазақстандық "Студент" фильмі Каннда сәтті картина деп танылды

Отандасымыз Дәрежан Өмірбаевтың "Студент" фильмі Канн фестивалінде көпшіліктің көңілінен шығып, мамандар картинаға ерекше туынды деп баға беріп отыр.

Киносыншы Дэниал Касманның ұйғаруымен аталған фильм Top Picks рейтінгісінде алғашқы орынға тұрақтады. Осымен 65-ші рет өткізіліп отырған фестиваль туралы көлемді мақала жазған сыншы: "Кино әлемі материалист режисердің көзқарасымен шектеліп қалмайды. Әр адам өмірге деген өзіндік көзқарастары мен фантазиясын қосуға құқылы. Осы тұста Дәрежан Өмірбаевтың туындысы шынайылығымен, оригиналдығымен, тереңдігімен ерекшеленді", -деп ықыласын білдіріпті.

Сонымен қатар: "Өмірбаевтың фильмінде әр түрлі көріністер бір-бірін ақырын алмастырып отырады. Былайша айтсақ, барлық оқиға желісі кейіпкердің түсі істептес. Әр көріністегі оқиға желісі түс екендігі белгілі болғанға дейін жалғаса береді", - деді.

ва

"Студент" фильмінен көрініс. Режисер: Дәрежан Өмірбаев

Өмірбаев Канн фестиваліне осымен үшінші рет қатысып отыр. Алғаш рет 1998 жылы "Киллер" атты туындысын ұсынып, "Ерекше көзқарас" номинациясы бойынша сыйлық ұтып алып еді. 2001 жылы "Жол" атты фильмін бәйгеге тікті.

Бұл жолғы бәйгеде Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" романының желісімен түсірілген режисердің тағы бір туындысы "Ерекше көзқарас" категориясына жатқызылды. Бірақ бұл картина ешқандай сыйлыққа ие бола алған жоқ.

Осы орайда The New York Times газетінің тілшісі Дэннис Лим (Dennis Lim): "Өмірбаевтың картинасы шынымен ерекше. Бірақ бұл еңбегі сыйлыққа таласушылардың қатарынан көрінбеді. Кинемотограф үшін бұл әрине жақсы нәрсе емес. Фильмде жұлдызды актерлар ойнау керектігін түсінемін, бірақ осы жылы кино түсіріп жүрген немесе түсіруге тырысып жүрген адамдардың саны қанша екен?", - деп пікір айтыпты.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан бұрын әлемдік дистрибьюторлар Өмірбаевтың "Студентін" сатып алған еді. Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың баласы" да олардың назарына іліккен болатын.

суреттер: rus.azattyq.org, thenews.kz