Қазақстандық роликке Каннда жүлде бұйырды

Astana Expo-2017-ге қолдау көрсету мақсатында түсірілген фильм Канн фестивалінде сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Қазақстан Респуликасының экономикалық даму және сауда министрлігінің сауда комитеті хабарлады.

"Үстіміздегі жылдың 18 қазанында Cannes Corporate Media & TV Awards фестивалінде экономикалық даму және сауда министрлігінің мұрындық болуымен түсірілген Astana Expo 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan фильмі "Күміс дельфин" сыйлығы мен "Корпоративтік фильм" категориясының жүлдесін ұтып алды. Лента Бүікләлемдік EXPO жәрмеңкесін Астана қаласында өткізуге итермелеу мақсатында дүниеге келген болатын", - делінген таратылған ақпаратта.

Осы орайда комитеттің төрағасы Айдар Қазыбаев: "Astana Expo 2017 - The Great Expectation of Kazakhstan фильмінің мұндай биікке көтерілуі біз үшін күтпеген жағдай болды. Бүгін корпоративтік фильмдер фестивалінде жеңіске жетсек, ертең EXPO-2017 жәрмеңкесін өткізу құқығын ұтып аламыз деп ойлаймын", - деп сұхбат берді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/xy-UnNsOhyI","width":"450","height":"234"});

Айта кетелік, биыл аталған фестивальге ТМД елдері мен Ресейден көптеген фильмдер қатысты. Бұл елдердің берген өтініштерінің ұзын саны - 65. Қазақстаннан сөз болып отырған роликтен басқа екі фильм ұсынылды. Дегенмен тек The Great Expectation of Kazakhstan ғана төрешілердің көңілінен шығып, биікке көтерілді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: inform.kz