Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Риэлтор" фильмі тамыздың 22-28 аралығында Кореяда өткен 6th Cinema Digital Seoul Film Festival конкурсында White Chameleon Award сыйлығына ие болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясына сілтеме жасай отырып хабарлады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/t-cHP3kOkQ8","width":"450","height":"256"});
"Риэлторлар". Фильм туралы фильм
"Конкурста 11 адамнан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Барлығы жас сыншылар мен режиссерлер. Бұл кісілер Корея киносы мен Азия кинематографиясының даму тенденциясындағы бетке ұстар адамдар ретінде қабылданды.
Корея киносынан мен анимация мен киноның синтезін көрдім. Дегенмен менің фильмімді күн шығыс елі жылы қарсы алды. Дұрыс түсініп, дұрыс қабылдады", - деді режиссер.
Ержанов, сонымен қатар, аталған картинаның алып отырған бұл сыйы оның алтыншы жетістігі екендігін айтты. Фильм барлығы 8 рет түрлі фестивальдерде көрермендерге ұсынылған болатын.
Атап айтсақ, "Риэлтор" фильмі Анапада өткен "Киношок-2011" және Санкт-Петербургта өткен "Дебоширфильм - Чистые грезы-XIV" конкурстарында қазылар алқасының арнайы сыйына ие болды. Сонымен қатар, VII "Еуразия", Дубайдағы VIII Халықаралық кинофестивальде, Бразилияда өткен Fantaspoa International Fantastic Film Festival-2012 фантастикалық фильмдер бәйгесіне қатысып, "Киноликбез" халықаралық авторлық кино фестивалінде Гран-приге ие болды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vk.com