Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ-тағы кинофестивальде көрсетіледі

Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов АҚШ-та 20-28 ақпан аралығында өтетін Sedona халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырту алды.

Кинофестиваль аясында Медет Шаяхметов Escape ("Побег") деп аталатын бірінші қысқаметраж фильмін ұсынады. Ол фильмді АҚШ-та Нью-Йорк киноакадемиясында оқып жүрген кезінде түсірген.

"Өкінішке орай, фильмді әзірше Желіден көре алмайсыздар. Бұл −байқау талаптарының бірі. Фильмді Қазақстанда көрсеткім келеді. Көктемге таяу келе аламын деп ойлаймын. Фильмім көрерменге ұнайды деп үміттенемін. Картина өмірдегі болып жатқан мәселелер жайлы", − деді Шаяхметов.

Дереккөз: Tengrinews.kz