- Негізгі бет
- Кино
- Қазақстандық режиссердің фильмі...
Қазақстандық режиссердің фильмі АҚШ-тағы кинофестивальде көрсетіледі
Фото:
tengrinews
Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов АҚШ-та 20-28 ақпан аралығында өтетін Sedona халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырту алды.
Кинофестиваль аясында Медет Шаяхметов Escape ("Побег") деп аталатын бірінші қысқаметраж фильмін ұсынады. Ол фильмді АҚШ-та Нью-Йорк киноакадемиясында оқып жүрген кезінде түсірген.
"Өкінішке орай, фильмді әзірше Желіден көре алмайсыздар. Бұл −байқау талаптарының бірі. Фильмді Қазақстанда көрсеткім келеді. Көктемге таяу келе аламын деп ойлаймын. Фильмім көрерменге ұнайды деп үміттенемін. Картина өмірдегі болып жатқан мәселелер жайлы", − деді Шаяхметов.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін