Қазақстандық режиссер Әлімжан Құдабаевтың фильмі Киношок фестивалі төрешілерінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, Үздік ер адам ролі сыйлығын қазақстандық актер Владимир Толоконников алды. Киношок фестивалі 2-9 қыркүйек аралығында Анапа қаласында өтті. Әлімжан Құдабаевтың Мараттың видеосы атты қысқаметражды фильмі Жастардың қазіргі проблемасын экранда тамаша көрсеткені үшін атты арнайы жүлдені жеңіп алды. Фильмде орта мектеп оқушылары жайлы баяндалады. Басты кейіпкер Марат туған күніне сыйлаған планшетке видео түсіреді. Нәтижесінде ролик жаңадан келген оқушы екеуінің арасында жанжалдың тууына себеп болып, бала қаза табады. Мараттың әкесі бар күшін салып, баласын жеткіншектерге арналған колониядан сақтап қалғысы келеді.