Қазақстандық каскадерлер тәуекелге көп барады

"Кун-До" сахналық шайқас мектебінен шыққан қазақстандық каскадерлар "Сәттілік джентельмендері" ("Джентльменов удачи") фильмінің ремейкінің түсірілімі туралы айтып берді. Мектеп басшысы Игорь Цай қазақстандық шеберлердің әлемдегі сұранысы туралы да сөз қозғады.

Маманның айтуынша, орыс ресейлік әріптестермен жұмыс жасау өте оңай әрі жағымды. "Басқалай болуы мүмкін де емес. Режиссер Александр Барановпен бала кезімнен бері таныспын. Ал екінші режиссер Дмитрий Кисилевпен бұған дейін "Елка-2", "Дневной дозор" фильмдерінде бірге жұмыс істедік",  - деді Цай.

Tengrinews.kz-тің айтуынша, команда басты рөлдегі Сергей Безруков, Гоша Куценко, Марина Петренко секілді актерларды алмастырды. "Сергей барлық қимыл әрекеттерді өздігінен жасауға тырысты. Дегенмен оған кейбір трюктерді жасауға рұқсат берген жоқпыз. Тәуекел ақталуы керек. Ал басты рөлдегі актерден бір ауысымға болса да айырылып қалу кәсібиліктің белгісі емес", - деді мектеп басшысы.

Ал актриса Марина Петренко болса, барлық трюктерді өзі орындады. Тіпті қиын, күрделі көріністерде де ешқандай көмек керек болған жоқ. Каскадердің айтуынша, Марина алғаш кезде биіктіктен жүрексініп, қорықса да, өз-өзін жеңе біліпті.

Цай, сонымен қатар, Қазақстандағы жұмыстың ерекшелігін айтып кетті. "Голливудті Қазақстан немесе Ресеймен салыстыруға келмейді. Ол жақтың ережелері тіптен бөлек. Мәселен сен бүгін бірдеңеге дайын болмасаң, мені алмастыруға ниет білдіретін мың адам күтіп тұрады. Ал Қазақстанда бұндай бәсеке жоқ", - деді шебер.

Маман қазақстандық каскадерлардың өзін тәуекелге көп байлайтындығын да айтты. "Көптеген каскадерлар белгілі бір трюкты орындардың алдында 1-2 күн дайындалады. Ал біздің жағдайда ол мүмкін емес. Бюджет мүмкіндік бермейді. Қойылған тапсырманы сол күннің ішінде орындауымыз керек. Және ол ешқандай жарақатсыз актерлерге қауіп төндірмей істелуі керек", - деді Цай.

Айта кетелік, кеңестік "Сәттілік джентельмендері" комедиясының ремейкі 2012 жылдың желтоқанында халыққа жол тартады. Картинаның продюсері Тимур Бекмамбетов. Бұған дейін ол Игорь Цайды "Аса қауіпті" ("Особо опасен"), "Күндізгі барлау" ("Дневной дозор") және "Президент Линкольн: қанішер аулаушы" жобаларына шақырған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет Игорь Цайдың жеке мұрағатынан