Қазақстандық актерлер америкалық боевикке түсті

Қазақстандық актерлер америкалық боевикке түсті

Қазақстандық актерлер Максим Акбаров пен Санжар Мәдиев америкалық боевикке түсіпті. Аталған киноның аты - Angels of death ("Өлімнің періштелері"). Өздеріңіз білетіндей "Сказ о розовом зайце" мен "Обратная сторона" секілді кинолар арқылы елге танымал болған қос азамат киноға түсуге бірден келісім берген. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Акбаровтың өзі әңгімелеп берді.

Кионың басты режиссері мен продюсері «A-Studio» секілді топтарды танымал қылған ресейлік клипмейкер Бахадүр Юлдашев болыпты. Жалпы кино желісі сүйікті әйелін өлтіріп кеткен қылмыскерлерге қарсы кек алу жолындағы басты кейіпкердің іс-әрекеті төңірегінде өрбиді екен.

Киноның басты рөлін Игорь Савочкин сомдапты. Және голливудтық актер Арманд Ассанте мен өзбек киносының жарқын жұлдызы Ұлықбек Қадыров та белгілі эпизодтарда өнер көрсетіпті.

Сонымен бір айға жуық созылған түсірілімнің 80 пайызы бітіп тұр екен. Енді тек 20 пайызын Ташкентте түсірсе болды.

Тағы бір айта кетерлігі, түсірілім барысында әртістерге Том Круздың каскадері мен Вин Дизельдің дублері көмектескен.

Ал киноға келетін болсақ, осы жылдың аяғында-ақ көпшіліккке ұсынылады деп отыр. Ол да болмаса, 2013 жылы жарыққа бір-ақ шығуы мүмкін...

Сурет:i-news.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига