- Негізгі бет
- Кино
- Қазақстан үкіметі Қазақфильмге...
Қазақстан үкіметі Қазақфильмге голливудтық инвестор тартудан үмітті
Қазақстан үкіметі Қазақфильмге голливудтық инвестор тартудан үмітті. Мұндай пікірді президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ел премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Қазақфильмге» қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына орай ол үкіметтің киностудияны толығымен сатпайтындығын және оның қызметін сақтап қалуға ниетті екендігін баса атап өтті.
«Біз «Қазақфильмді» толығымен сатайық деп отырған жоқпыз. Міндет мынадай – бейінін сақтап қалу. Біз жыл сайын түрлі фильмдер түсіруге шамамен 5 млрд теңге бөлеміз. Бұл мүмкін мүлдем аз шығар. Ол жақта сапалы фильмдердің түсірілгенін қалаймыз. Біздің фильмдерімізді басқа да елдерге көрсеткіміз келеді. Бізге инвесторлар келуі мүмкін. Кім біледі, мүмкін Голливудтан қандай да бір компания келіп қалар. Сондықтан мәселе сол күйінде қала береді. Стратегиялық инвесторға 49 пайыз акция сатып ұсынылады», – деді Сағынтаев.
Дереккөз:inform
С. Ерсін