- Негізгі бет
- Кино
- Қазақстан прокаттарында жаңа...
Қазақстан прокаттарында жаңа Бонд көш бастады
Қазақстан прокаттарында Британ тыңшысы Джеймс Бондтың жаңа фильмі көш бастады.
Жаңа картинаның алғашқы қойылымынан кейін үш күн өткен соң басты ролдегі "007: Координаты "Скайфолл" Дэниел Крэйгпен бірге 58,4 миллион теңгені жинап алды. Бұл фильм кино тарихындағы жиырма үшінші ең үлкен кинофраншиз атанды. Фильмнің жаңа бөлімінде барлаушы өткен екі фильмдеріндегі байланысқан шиеленістер тарқатуын жалғастырады.
Өткен аптаның тағы бір тұсаукесері "Сайлент Хилл-2" атты қорқынышты фильм 25,6 миллион теңге пайда тапты. Бұл картинаның желісі тұманды қалаға әкесін іздеуге шыққан он екі жасар қыз жайында өрбиді.
Қазақстан кино прокатында үшінші орынды "Монстры на каникулах" мультфильмі алды. Қызықты оқиғалардан тұратын картинада граф Дракул өзінің отбасын өзге көздерден жасырып қалудың әрекеттерін жасайды. Сонымен бұл фильм прокаттан 24,7 миллион теңге жинады. Осыдан кейін "Синистер" атты қорқынышқа толы фильмі 2,8 миллион теңгемен төртінші орынға тұрақтады. Миллионер атана алмаған фильмдер арасында "Франкенвинни" және "Как по маслу" комедиялық фильмдері бар.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: purepeople.ru
Б. Қосмағамбет