- Негізгі бет
- Кино
- Қазақстан Қытайдан келетін...
Қазақстан Қытайдан келетін жеміс-жидекті уақытша тоқтатты
Ауыл шарушылығы министрлігі 2 наурыздан бастап Қытайдан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды алып келуге уақытша тыйым салды. Бұған Қытайдан кіргізілетін өнімдерден анықталған карантин объектілері себеп болған.
"Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес, Ауыл шарушылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады. ҚХР карантин қызметі жолданған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта болған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады", - делінген хабарламада.
2019 жылы Қазақстан аумағына Қытайдан карантинге жатқызылған өнімді алып кіруге қатысты 52 бұзушылық анықталған. Осылайша өнім (12 мың тауар бірлігі) кері қайтарылған. Сонымен қатар 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.
Massaget