Қазақстан киносындағы танымал 10 композитор

Қазақстан киносындағы танымал 10 композитор
Фото: brod.kz, voxpopuli.kz

Композиторларсыз кино әлемі көркемдік шеңберін кеңейте алмас еді. Олар сөздер әсер етпеген кезде диалог құрады, оларды ешкім көрмейді, бірақ естиді, оларсыз кинофильм тамашалау қызықсыз болар еді. Музыка – фильмнің жаны, тіпті мылқау киноның өзі тапер-күйсандықшы ойынымен көркемделеді. Қазақ фильмдеріндегі музыкаға кімдер жауапты? Отандық танымал кинокомпозиторды назарларыңызға ұсынамыз.

Төлеген Мұхамеджанов

Қазақстандық марғасқа композитор Төлеген Мұхамеджанов әкімшілік қызметіне қарамастан, фильмдерге музыка жазып жүр. Оның музыкасы әр алуан, түрлі эмоциялар мен әсерге толы, оның ішінде алғашқы махаббатқа да орын табылады, отан тағдыры да баяндалады.

Қазір композитордың қоржынында кинодағы 9 жұмыс бар. Дебюті 1984 жылы "Шөптің ішкі тәтті шырыны" фильмінде болған. Төлеген Мұхамеджанов нағыз романтикалық хикаяны "Махаббат бекеті" картинасындағы музыкасы арқылы баяндады. Композитордың қазіргі кинодағы жасаған соңғы жұмысы  –"Құнанбай" фильмі.

Қуат Шілдебаев

Қазақстан композиторлық мектебінің мэтры Қуат Шілдебаев отандық кинематографиядағы бірнеше жұмыстарымен танымал. Оның кинодағы әрбір жұмысы симфониялық қырымен әсерлі. Композитор фольклор мен дыбысты, классикалық музыкалық аспаптардың тембрін біріктіре алады, оның музыкасы әуезділігімен, тереңдігімен ерекшеленеді.

Шілдебаевты көбінесе тарихи тақырыптағы картиналарға шақырып жатады. "Отырардың күйреуі", "Әбілқайыр хан", "Мұстафа Шоқай", "Шал", "Жат" фильмдерінде композитордың туындылары сүйемелденген, бірақ бұл толық тізім емес. Композитор жұмыстарының арасынан 1929 жылғы "Түрксіб" деректі фильмінің жаңартылған нұсқасына арнап жазған музыкасын ерекше атауға болады. Тілсіз картина Қуат Шілдебаевқа ХХ ғасырдың басында Қазақстанда болған оқиғаларға өзіндік көзқарас танытуға, бүтін бір симфония жасауға мүмкіндік берді. Композитордың шығармашылық портфолиосында 20-дан астам фильм бар, қазіргі таңда Қуат Шілдебаев Ермек Тұрсыновтың "Киномеханик" атты жаңа жұмысына музыка жазуда.

Ренат Гайсин

Ренат Гайсин әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Оның әндері өте тартымды дыбсталуымен, нәзік үйлесімділікпен және образды сезіммен ерекшеленеді. Композитордың  киноға да үлес қосып жүргенін көпшілігі біле бермейді. Музыкант "Жаужүрек мың бала", "Ликвидатор" және "Жүрегім менің - Астана" фильмдеріне музыка жазып үлгерген.

Әлім Зайыров

Композитор-неоклассик Әлім Зайыров отандық режиссерлардың сұранысына ие. Оның фортепианодағы және оркестрлік туындыларында джаз, электронды музыка мен классика қатар үйлесім тапқан.

Композитор Ақан Сатаевтың "Районы" мен "Анаға апарар жол" және Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" картиналарымен жұмыс істеген. Көрермен пікірінше, Әлімнің композиторлық еңбектері фильммен ерекше үйлесім тапқан.   Жақында көрермендер композитордың жаңа жұмысын бағалайтын болады. Композитор Ақан Сатаевтың «Ол» фильміне музыка жазу үстінде.

Никита Карев

Бұл кинокомпозитордың музыкасы 25 отандық кинофильм мен хикаяларда дыбысталған. Оның қызметіне Нұртас Адамбай, Асқар Ұзабаев, Қанағат Мұстафин және т.б. танымал режиссерлар жүгінеді. Композитордың музыкасы құлаққа жеңіл естіледі, ол "Сәбина келін", "Жол", "Ауылдан қашу: Махаббат операциясы" сынды картиналарға музыка жазған. Бірақ, Никита Каревтің "Бойжеткен мен жігіт" фильміне жазған музыкасын нағыз еңбек деуге болады. Махаббатты сөзбен айтып жеткізу қиын ғой, ал оны әсерлі қылуға музыканың ғана күші жетеді. Осы тұрғыда Никита Карев қазақстандық кинокомпозиторлар арасында өзінің ерекше сұранысқа ие екендігін дәлелдеді.

Павел Ли

Асқар Бисембиннің "Адель" фильміне Павел Лидің қосқан үлесі зор. Ол өз музыасымен кейіпкерлердің ішкі күйзелісін жеткізе отырып, сюжетті одан әрі дамытты. "Адель" фильмін тамашалап отырып, көрермен көзін жұмып, фильмдегі музыканы тыңдау арқылы кейіпкерлердің образын, интерьерлер мен декорацияларды елестете алады. Қазақстандық көрермен композитор Павел Лидің шығармашылығымен осылайша жақын таныс болды. Содан бері, композитордың жанкүйерлері де көбейген сияқты. Сонымен қатар, композитор "Абайлаңыз, сиыр", "Ойпырмай, немесе құрметті менің балаларым" және "Гламур для дур" комедиялық жобаларымен жұмыс істеген.

Әбілқайыр Жарасқан

Жас композитор Әбілқайыр Жарасқан "Қазақ хандығы" фильмі арқылы нағыз жаңалық ашты. Композитор картинаға арнап 25 туындыны жарыққа шығарды. Әбілқайыр әйгілі дала музыканттары домбырашы Қазанғап пен қобызшы Қорқыттың туындыларын өз музыкасына пайланалған. Жарасқанның сөзінше, ол Қазақ хандығының құрылуы кезін рухты әуенмен көрсеткісі келген. Сондықтан осынау әйгілі тұлғалардың туындыларына арқа сүйеген..

Композитор қазақ музыкасын толығырақ үйренуге тырысып жатыр, әсіресе дәстүрлі қазақ музыка аспаптарының дамуына көңіл бөлуде. Сондай-ақ, Әбілқайыр Жарасқан киножұмыстарының арасында "Шыңғыс ханның жолымен" картинасы және Қазақстан президенті туралы жобалар бар.

Дереккөз: brod.kz

Massaget.kz