Қазақфильм «Қазақ елі» көп сериялы тарихи жобаны жүзеге асыруға кірісті

Қазақфильм АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында түсірілетін «Қазақ елі» көп сериялы тарихи жобаны жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақфильм» АҚ өкілдері өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Шара барысында «Қазақфильм» төрағасы Бақыт Қайырбеков Мемлекет басшысының ұсынған телевизиялық жобаның бірегейлігін атап өтті.

Жастардың патриоттық тәрбиені бойына сіңіруі бүгінгі таңда өте өзекті проблема. 

«Картина Қазақ хандығының құрылу кезеңдерін сипаттайды. Еуразия кеңістігінде мыңдаған көшпелі тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтанның қол астына жиналуы мен олардың балалары Қасым мен Бұрындық хан билеген кезеңдер де көрініс береді», - деді киностудияның бірінші вице-президенті Арман Әсенов. 

Туындының қоюшы режиссері Рүстем Әбдірашев қазақ мемлекеттілігінің Иван Грозныйдың өзін патша жариялауынан 100 жылға ерте қалыптасқандығын айтты.

«Біз жаңа мемлекеттің қалыптасуын бастан кеше отырып, тарихты идеологиялық тұрғыдан бұрмалаусыз ашық көрсете аламыз», - деді ол.

Сериалды Рүстем Әбдірашев пен Ермек Тұрсыновтың режиссерлік командасы түсіретін болады. Кино Алматы облысында 150 күн ішінде түсіріледі. Кино қазақша түсіріліп, басқа тілдерге аударылады. Қыркүйекте монтажды бастап, 16 желтоқсан - Қазақстан тәуелсіздігі мейрамында премьерасын ұсынамыз», - деді Б.Қайырбеков.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: inform.kz