Жайық Сыздықов пен Мухаммед Мамырбековтер Ресей киномотографистер Кеңесіне ашық түрде хат жолдапты. Ашық хатта режиссер Бекмамбетовтың плагиат жасағаны жөнінде айтылып, олардан осы турасында «дұрыс баға» беруін сұраған. Хат мәтінін «Известия» басылымы жариялап отыр.
Киноқайраткерлердің дау шығаруына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен түрде түсіріп жатқан «Алтын жауынгер» кинокартинасының кідіріп қалуы себеп болған. Қос сценаристің айтуынша, Бекмамбетов жобаның жабылуына жету үшін әдейі түсірілімді созып жүр екен. Хат авторларының пікірі бойынша, «Ол осы арқылы Қазақстан бюджет қорынан көп мөлшерде қаражат алып үлгерген». Сонымен қатар, қазақстандық сценаристер Бекмамбетовты плагиатшы деп айыптап отыр.
«Алтын жауынгер» кинокартинасы Қазақстан мемлекетінің жобасы болып табылады. Сондықтан сценарий авторлары Ресейдің Мәдениет Министрлігіне жүгінбестен, хатты Ресей киномотографистер Кеңесіне жодаған. Олар «Осы тәртіпсіздікті шешу үшін Никита Сергеевич кірісіп, Бекмамбетов өз киносында қазақстандық құндылықтың жасанды үлгісінің орнына ресейлік басқа құндылықпен алмастыруын» сұрап, Михалковтан зор үміт күтіп отыр. Сонымен қатар, «Егер мұнысын әкімшілік қылмыс деп санасаңыздар, Қазақстанға жоба үшін алған қаражатын қайтарсын» деп дау шығарып отыр сценаристер.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: takgroup.kz