Қазақ киносы Норвегияда көрерменін тапты

Қазақ киносы Норвегияда көрерменін тапты

Норвегия астанасы Осло қаласында «Қазақ киносының күндері» өтті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі. Мәдени шара аясында  «Синематекет» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жаужүрек мың бала», «Қызжылаған», «Келін», «Рывок» секілді кинолары көрсетілді.

«Қызжылаған» фильмінің көрсетілімі «Ядролық қаруға – жоқ дейміз» атты норвег қозғалысының мүшесі Урсула Гелистің алғысөзімен басталды. Ол Семейдегі ядролық жарылыс қасіреті проблемасын қозғап жүрген танымал құқық қорғаушы. Құқық қорғаушы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Семейдегі полигонның жабылуына ықпал еткен адам ретінде атап өтіп, өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, Урсула «Қызжылаған» фильмінен алған әсерімен бөлісіп, фильмнің барлық елде көрсетілуін қалайтынын айтты.

Ал жергілікті халық Қазақстанның ежелгі, орта, жаңа кезеңдердегі тарихын көрсететін фильмдерге оң қабақ танытып, жылы қабылдады.

Қазақстан елшілігі мен норвег-қазақ мәдени орталығының іс-шарасы Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің дипломатиялық қарым-қатынасына 20 толуына орай ұйымдастырып отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: images.yandex.kz

А. Құлтай