6 қыркүйек күні Елордамызда «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген, режиссер Мұрат Бидосовтың «Қаламгер» драмасының тұсаукесері өтті. Көркем фильмнің сценарийін - Сержан Зәкерұлы жазған.
Картинада өткен ғасырдың 70-80-жылдарында өмір сүрген қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы суреттеледі. Сол замандағы дүйім жұрттың барын баптап, жоғын жоқтаумен жүрген қарымы мол қазақ жазушыларының бастан кешкен нәубеттері, заман мен адам ағымындағы қарама-қайшылықтар, билік пен бұқара арасындағы байланыс осы фильмге арқау болған.
Жалпы фильм өмірде болған адамдардың прототиптері арқылы, олардың басынан кешкен нақты оқиғаларына сүйене отырып сол дәуірдің тыныс-тіршілігін көрсетеді.