Кәрім Қадырбаев: Шәкен Айманов – қазақ интеллигенциясының жарқын өкілі

Кәрім Қадырбаев: Шәкен Айманов – қазақ интеллигенциясының жарқын өкілі

Бүгін кинорежиссер Шәкен Аймановтың туғанына 106 жыл толды. Соған орай, назарыңызға киносыншы Кәрім Қадырбаевтың "Тақиялы періште" фильмі туралы жазбасын ұсынамыз.

Жақында "Тақиялы періштені" қайта көріп, қазақ интеллигенциясы, ұлт болып қалыптасу, дәстүршілдік туралы біраз пікірім есіме түсті.

Қазақ интеллигенциясының жарқын өкілі (бұны ешкім жоққа шығара қоймас) Шәкен Айманов осындай жеңіл көрілетін комедияда ұлт болып қалыптасу, дәстүршілдік тақырыбын қозғаған.

Image result for ангел в тюбетейке

Бас кейіпкер, жасы келген баласына келін іздеген ана – негізінен сол уақыт үшін қисынсыз, күлдіргі кейіпкер. Мұнда дәстүршілдік ескіліктің қалдығы етіп көрсетілген. Фильмдегі кейіпкерлер ата-анасын жақсы көреді, құрметтейді, бірақ олардың ырқына көнгісі келмейді. Соңында Тана апай ақыры беріліп, Тайлақ пен Айшаның некесіне бата бергенінде екіжақты мағына бар.

Ер адам бір ақылға тоқтап, ерік-жігер танытып, дәстүрге, ата-анасына, олардың өмір салтына жалтақтамай шешім қабылдағанда ғана еркек болмақ.

Картина соңындағы диалог өте көрнекі:

– Енді немерелеріңді де өзің үйлендіресің бе?
– Жооооқ. Енді араласпаймын. Өз сүйгендеріне қосылып, бақытты өмір сүрсін.

Яғни, бала мен немере таңдауды өзі жасауы керек дегенді анасы түсінеді.

Фильмнің бірінші жартысында қазақ интеллигенциясының қалыптасуын көрсететін тағы бір эпизод бар.

Нияз ағаның үйінде музыка жайында дискуссия туып, "Япур-ай" әні үш түрлі нұсқада шырқалады: халықтық нұсқа (Нияз аға домбырамен шырқайды), опералық нұсқа (үлкен ұлы орындайды) және джаз нұсқа (дегенмен түпнұсқаның мотивін тыңдай алмадым). Осылай отбасы мүшелері бір әннің мысалында қазақ мәдениетіне деген көзқарасын үлкендерден қымсынбай білдіреді.

Мәдениет тұрғысында өте қызық картина. Мұнда "совок" (Совет үкіметі) ығына жығылатындай ешбір реверанс жоқ. Есесіне ұрпақ өз ақылымен, уақыттың талабына қарай өмір сүруі тиіс деген қарапайым ғана ой жатыр. Ал дәстүрге сүйенбей, оған аса мән бермеу ата-анаға құрметсіздікті білдірмейді, ол – прогресс пен дербестікке ұмтылыс.

Осындай қарапайым тезистер 1968 жылы ақылға қонымды және түсінікті бола тұра, қазіргі уақытта не себепті тарихқа түкіру мен мәңгүрттік саналуы керек? Егер фильмдегі ойларды бағамдасақ, бізден гөрі біздің ата мен әжелеріміздің буыны прогресс пен өзгеріске дайын болғанын байқаймыз.

P.S. Заманауи қазақстандық кинода қазақ қыздары қысқа көйлекпен, шомылатын киіммен билеп жүргенін қабылдау қиын болып кетті. Оларды қаралап, масқаралауға дайын тұрамыз. Ал бірақ бұл – классикалық қазақ киносындағы классикалық эпизод.

Massaget