- Негізгі бет
- Кино
- Қарауға тұратын комедия-мелодрамалар...
Қарауға тұратын комедия-мелодрамалар
Өзге адаммен қарым-қатынас құру оңай нәрсе емес. Үйренісу үшін, бір-бірін қабылдау үшін адамға уақыт керек. Кейде екі адамның ортасында сенім, төзім қалмайды. Нәтижесінде қанша жақсы көрсе де, айырылысуға тура келеді. Егер қарым-қатынасыңызда қиындықтар болса, мына фильмдерді қарауға кеңес береміз. Күлдіре отырып, жылататын фильмдер махаббат деген ұғымды өзге қырынан көрсетеді.
Сенен жырақта / Подальше от тебя
Жанр: комедия, драма
Шыққан уақыты: 2005 жыл
Ел: АҚШ, Ұлыбритания, Германия
Режиссёр: Кёртис Хэнсон
Бір үйдің тәрбиесін алса да Мэгги мен Роуз бір-біріне ұқсамайды. Жауапкершілігі аз, тек көңіл көтеруді білетін Мэгги заңгер әпкесі Роуздың үйіне тұрақтайды. Апалы-сіңлілер арасындағы жанжал, екеуінің көзі бір жігітке түскен сәтте басталады.
Өзге әйел / Другая женщина
Жанр: комедия, мелодрама
Шыққан уақыты: 2014 жыл
Ел: АҚШ
Режиссёр: Ник Кассаветис
Марк пен Кейт бақытты жұбайлар. Бірақ, бір күні күйеуі өзің ғана емес, бірнеше әйелді қатар алдап жүргенін білген Кейт жоспар құрады. Алданған әйелдер бірігіп, Марктан кек алады. Фильмде опасыздық мәселесі, әйелдердің достығы мен отбасыны сақтап қалу маңызы мәселе етіп көтеріледі.
Уақыт кеңістігі / Бойфренд из будущего
Жанр: комедия, мелодрама, фэнтези
Шыққан уақыты: 2013 жыл
Ел: АҚШ, Ұлыбритания
Режиссёр: Ричард Кёртис
Тим жас, келбеті келіскен, болашағынан үміт күттіретін заңгер. Оған қоса ол уақыт кеңістігіндай саяхаттай алады. Өз арманыңдағы бойжеткенді таңғалдыру үшін ол алғашқы кездесулерін бірнеше реті қайталауға дайын. Бірақ, бір көргеннен ғашық болу ұғымын нағыз шындықтан әлдеқайда алшақ екенін естен шығармаған жөн.
Т. Есқали