Қарауға тұрарлық жаңа 7 фильм

Демалысты киносыз өткізбейміз. Бірақ көруге тұрарлық фильм тапқанша уақыттың біраз бөлігін жоғалтып аламыз. Бүгін уақытты үнемдеу үшін кейінгі айларда жарыққа шыққан көруге тұрарлық 7 фильм топтамасын ұсынамыз.

Үш мың жылдық қалау | Три тысячи лет желаний  | Three Thousand Years of Longing

Жын үш мың жыл бойына дәуірлердің ауысқаның өз көзімен көрді. Иесі ауысса да, оны босатып үлгерген адам болмады. Бір күні ол әдебиет саласындағы мықты маман Алетейдің қолына түседі. Бірақ әдебиетші жыннан өз қалауын сұрауға асықпайды. Екеуінің шытырманға толы оқиғасы басталады. 

Құлау | Вышка | Fall

Экстриммен айналысатын Бекки жары Дэннің өлімінен соң күйзеліске түседі. Бір күні құрбысы Хантер келіп,  B67 телерадиомачтасына шығуды ұсынады. Биікке шыққаннан кейін ол Дэннің күлін шашуға кеңес береді.  Қос бойжеткен АҚШ аймағындағы ең биік жерге аттанады. 

Болмаған шпион | Шпион, которого не было | Rogue Agent

Алаяқ Роберт Фригард өзге адамдардың сеніміне кіріп түрлі қулыққа барады. Соның бірі МИ-6 агенті ретінде таныстырып, шаруаларды реттестіру үшін "пара" беру керегін айтады. Соңғы құрбандарының бірі – Эллис. Бойжеткенмен танысып, оны өзіне ғашық етіп алады. Бірақ кейін алданғанын білгеннен кейін Элис кек алуға кіріседі.  

Тағдыр жайында | Ирония судьбы в Голливуде  | About Fate

Фильмнің кейіпкерлері өз өмірлерін сүріп жатады. Бірақ уақыт өте олар айналасындағыларға өзгеше көзқараспен қарай бастайды. Осылайша олар жанында жүрген адамның қаншалықты жақын адам болуы мүмкін екенін түсінеді.

Түнек баласы: Алғашқы құрбан | Дитя тьмы: Первая жертва | Orphan: First Kill

Бас кейіпкер Эстониядағы психиатриялық емханада жатқан Лина Кламмер. Ол емханадан қашып шығып, жасанды құжаттар арқылы АҚШ-қа келеді. Енді оның есімі Эстер. Денесі бала күйінде қалған Эстер өзін бай бизнесменнің қызымын деп таныстырады.  

Күлгін жүректер| Пурпурные сердца | Purple Hearts

Кэсси Остиндегі клубтардың бірінше әнші болып жұмыс істейді. Әзер күн көріп жүрген ол әнші болуды армандайды. Бір күні клубқа әскери Люк келеді. Танысқаннан кейін олар жоспар құрады. Осылайша Кэсси әскери адамның әйелі ретінде емделу үшін жеңілдіктер алса, Люк отбасылы адам ретінде соғыс аймағына бас тарту мүмкіндігіне ие болады. 

Күндізгі ауысым | Дневная смена | Day Shift

Стив отбасын асырау үшін кез келген жұмысқа дайын. Ол жары мен қызына бассейн тазалаумен айналысамын деген болатын. Бірақ табысы әлдеқайда көп. Қиындықтарға тап болғаннан кейін ол қансорғыш аулаушылардың бірі екенін мойындайды.