Кеше 67-нші Халықаралық Канн кинофестивалінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Бас жүлде «Алтын пальма жапырағына» түрік режиссері Нури Бильге Джейлан лайық деп табылды.
Ол өзінің «Қысқы ұйқы» (Kış Uykusu/Winter Sleep/Sommeil d'hiver) деп аталған қарапайым түрік жанұясының шағын бизнесі туралы еңбегі үшін марапатталды. «Осы жылы түрік кинематографиясына жүз жыл толады. Тамаша сәйкестік», — дейді фестиваль жеңімпазы Нури Бильге Джейлан.
Маңыздылығы бойынша екінші дәрежелі Гран-при «Ғажайыптар» (Le meraviglie/The Wonders) фильмінің режиссері Алиса Рорвакерге (Италия) тарту етілді. Ең үздік ер және әйел рөлдерін «Жұлдыз картасы» (Maps to the Stars) фильмінде басты рөлді сомдаған Джулианна Мур (АҚШ) мен «Тернер мырза» (Mr. Turner) биографиялық картинасының басты кейіпкерлері Дэвид Кроненберг және Тимоти Споллдар (Великобритания) иемденді. Ал орыстың режиссері Андрей Звягинцевтің «Левиафан» кинокартинасы ең үздік сценариі үшін пальма жапырағын иеленді.
Ең үздік режиссер деп «Түлкі аулаушылар» (Foxcatcher) картинасының режиссері Беннетт Миллер (США) лайық деп табылды. Қазылар алқасының сыйы Ксавье Доланның (Канада) «Мама» (Mommy) фильмі мен Жан-Люк Годдардтың (Франция) «Қош бол, мәртебем» (Adieu au langage) кинокартинасына берілді. Ал ең үздік толықметражды дебют үшін «Алтын камераны» Мари Амашукели, Клер Бюргер және Сэмюэл Теис есімді француз режиссерлері ұтып алды. Ең қысқа метражды фильмге берілетін «Алтын камера» «Лейди» (Leidi) картинасының режиссері Симон Меса Сотоға (Колумбия) бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ерекше көзқарас» пен «Аптаның сыны» бағдарламаларының жеңімпаздары да фестиваль барысында жарияланған болатын. «Ерекше көзқарас» сыйын Корнель Мундруцо (Венгрия) «Ақ Құдай» (Fehér isten/White God) фильмі үшін алса, Мирослав Слабошпицкий (Украина) туындысы («Тайпа» кинокартинасы үшін) «Аптаның сыны» гран-при иегері атанды.
Тағы да оқи отырыңыздар:
"Аватар" расымен де көшірме ме?
Трансформерлер қайта шабуылдайды
"Капитан Америка: Қысқы жауынгер" Қазақстанда!
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.festival-cannes.com