- Негізгі бет
- Кино
- Канн кинофестивалі өтетін...
Канн кинофестивалі өтетін сарай баспанасыздарға пана болады
Фото:
vk.com
17 наурыз күні Франция президенті Эммануэль Макрон Жалпыұлттық карантин жариялап, француздарды үйде отыруға шақырды.
Бұл аталған елдегі 12 мың баспанасызға үлкен мәселе болды. Оны шешуге Канн кинофестивалін ұйымдастырушылар өз үлесін қосуға бел буған. Яғни, жыл сайын мамыр айында өткізілетін кино мерекесі болмайды, оның орнына шараның тұрақты мекеніне айналған ғимарат баспанасыздарға пана болады.
Сарайға келген әр адам медициналық тексерістен өтеді. Ғимарат ішінде жуынатын бөлме, асхана, теледидар қарауға арналған орын мен түрлі ойын алаңдары бар. Ит немесе мысығы бар адамдардың да жағдайы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға Канн кинофестивалі мамыр айының 12-сі мен 23-і аралығында өту керек болған.
Т. Раушанұлы