- Негізгі бет
- Кино
- Канн кинофестивалі. Қазақстандық...
Канн кинофестивалі. Қазақстандық 8 фильм
Кинематография саласындағы аса беделді Канн фестивалінің “Ерекше көзқарас” номинациясына қазақстандық Әділхан Ержановтың шартты атауы “11 ықшамаудандағы атыс” деген фильмі қатысады. Махаббат хикаясына негізделген бұл фильм жарысқа Қазақстан мен Францияның бірлескен жұмысы ретінде ұсынылған.
Сондай-ақ, конкурстық бағдарламада Сергей Дворцевой есімді режиссердің “Айка” аталатын картинасы бар. Бұл киноны Қазақстан, Ресей, Польша, Германияның бес компаниясы түсірген. Алайда фестивалге “Айка” Қазақстан атынан ұсынылған. Кинокартина – Мәскеуде бала туып, оны перзентханада тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.
Бұдан бөлек фестивальде Ольга Коротко, Венера Қайыржанова, Берік Жаханов, Алма Баймұратова, Әсел Аушакимова және Жаннат Алшанова сынды отандық режиссерлер фильмдері көрсетіледі.
Осы айдың сегізі болып өткен ашылу салтанатына өзге жұлдыздармен қоса, әділқазылар алқасын бастаған Кейт Бланшетпен бірге қытайлық актер Чан Чэнь ("Кісі өлтіруші"), америкалық режиссер Ава Дюверней ("Сельма", "Уақыт бунақтары"), француз режиссері Робер Гедигян ("Килиманджаро қары"), бурундилік әнші әрі композитор Хаджа Нин, француз актрисасы Леа Сейду ("Лобстер"), америкалық актриса Кристен Стюарт ("Жеке сатып алушы"), канадалық режиссер Дени Вильнев ("Жүзбен жүгіруші 2049") және ресейлік режиссер Андрей Звягинцев ("Нелюбовь") те келді. Негізгі бағаны осылар береді.
71-ші Канн кинофестивалі мамыр айының 19 жұлдызына дейін жалғасады.
А. Оралқызы