Magnolia Pictures кинокомпаниясы Хирокадзу Корэ-Эда есімді жапон режиссерінің Дүкен ұрыларыатты картинасының трейлерін жариялады. Фильм премьерасы биыл Канн кинофестивалінде болып, бас жүлде, яғни, Алтын пальма бұтағына лайық деп танылды. Оған қатысты көптеген оң пікірлі мақалалар жарияланып үлгерді.Әлемдік прокатқа фильм 23 қараша күні шығады. Картина сюжеті үлкен әрі кедей отбасының өмірінен сыр шертеді. Отағасы өз шешесінің зейнетақысына күн көре алмаған соң, балаларымен қосылып дүкеннен азық-түлік ұрлап өмір сүріп жатады. Бір күні ол көшеде қараусыз қалған 5 жасар қызды үйіне алып келеді. Бұл өзгеріс отбасы өміріндегі үлкен бұрылыс болады.