Жындар — әлемнің барлық дерлік елдері мәдениетінің бөлігі. Ал кинематографияда олар — триллер мен қорқынышты фильмдердің кейіпкерлері. Назарға жын-перілер туралы үздік қорқынышты фильмдер топтамасын ұсынамыз.
Мыстандар дәуірі / Время ведьм
Бұл фильмдегі оқиғалар XIV ғасырда болады. Еуропа қалаларының тұрғындары обадан қырыла бастайды. Халық бұл қарғысты кішкентай қыз алып келді деп сенеді. Оны мыстанға балап, рыцарьға оны шет аймаққа апарып тастау тапсырылады. Жолда халық айтқандай сүйкімді қыздың шын мәнінде адам кейпіндегі жын екені анықталады.
Легион
Құдай жер бетінде ақырзаман орнайтын кез келді деп шешіп, өзінің жанындағы жын – перілерді жерге жібереді. Олардың бір ғана жұмысы бар: барлық тіршілікті жоюы керек. Тек архангел Михаил күнәһарлар мен бейкүнәларды қорғауға шешім қабылдайды. Ол қанаттарын кесіп, адамдардың біріне айналады.
Бізді жыннан құтқар / Избави нас от лукавого
Зұлымдық күштері адамдардың денесін иемденіп, іштеріне қоныстанып алады. Олар түрлі жауыздыққа толы әрекеттер жасап, кісі өлтіреді. Бастапқыда әдеттегі істі тергеумен айналысып жүрген полиция қызметкері енді жынды шығару үшін дін қызметкерінің көмегіне жүгінеді.
Окулус
Кейли мен Тим әпкелі-інілі. Бірнеше жыл бұрын олар түсініксіз әрі қорқынышты оқиға куәгері болады. Айнадан шыққан белгісіз жаратылыс ата-анасының түбіне жетеді. Есейген соң олар айнамен қайта қауышу арқылы, шындықтың түбіне жетуге тырысады. Бірақ айнадағы жын әлдеқайда күшті болып шығады.
Мені тозаққа ала кет / Затащи меня в Ад
Кристина — ірі банктің қарапайым қызметкері. Оның міндеті — Лос-Анджелес тұрғындарына несие беру. Бірде оған біртүрлі кемпір келіп, ипотека бойынша кезекті төлемді кейінге қалдыруды сұрайды. Бірақ банк бұған рұқсат бермейді, Кристина амалсыз қарт әйелді шығарып салады. Бірақ кетерінде әйел оны қарғап кетеді. Сол сәттен бастап қыздың өмірі нағыз тозаққа айналады.
Дуа / Заклятие
Әлемге әйгілі тылсым күшті зерттеушілер Эд пен Лоррейін Уорреннің естеліктері фильмге негіз болған. Бірде олардан қаладан жырақта орналасқан фермада тұратын отбасы көмек сұрайды. Олар белгісіз күштердің қоршауында қалғанын айтады. Әңгімеге қызығушылық танытқан Уоррендер зерттеуге кіріседі. Уақыт өте келе олар өміріндегі ең қорқынышты жағдайға тап болғанын түсінеді.
Қарғыс атқан қорап / Шкатулка проклятия
Кішкентай қыз сатылымда ескі қорапқа көзі түсіп, әкесіне жалынып сатып алады. Оны үйге әкелгеннен кейін, қыз қорапты өзімен бірге барлық жерде алып жүреді. Уақыт өте оның мінез-құлқы өзгереді. Ата-анасы бұғана аса назар аудара қоймайды. Бірақ бәрі әкесінің қолына шынышқы тығып алған сәтте өзгереді.