Жаңа 12 сериялы фильм мелодрама жанрында түсірілді. Бұл туынды тек жастар емес, ересектер қауымына да қызықты болары сөзсіз. Себебі сюжет желісі екі жастың екі түрлі қоғам өкілдері болғандықтан, ата-аналарының араға түсулеріне құрылады. Басты рөлдерде Тәуекел Мүсілім мен Гүлназ Жоланова. Тәуекел еліміздің телеарналарының бірінде жүргізуші, жарнамаларға жиі түсіп тұратын модель. Негізі, кәсібі бойынша Тәуекел көлік жасаудың инженер-механигі. Гүлназ «Қазақ аруы» сайысының жеңімпазы, студент, Маңғыстаудың тумасы.
Гүлназ ауыл мектебін алтын белгімен бітіріп, беделді университетке грантқа түсіп, ата-анасына көмектесу үшін қосымша жұмыс жасап жүрген бойжеткен рөлін ойнайды.
Бұл сериал Хабар телеарнасынан көрсетілетін болады.
Сурет: khabar.kz
Видео: youtube.com