- Негізгі бет
- Кино
- Журналистер туралы 7...
Журналистер туралы 7 фильм
Журналистер туралы фильмдер ешқашан жалықтырған емес. Өйткені фильмде тек журналистер өмірі ғана емес, зерттеу жұмыстары, биография мен тарихи оқиғалар жиі кездеседі.
1. Хант кеші
The Hunting Party / Охота Ханта
♦ АҚШ, Хорватия, Мексика, 2007 жыл.
♦ Триллер, драма, мелодрама, комедия, шытырман, әскери.
♦ Ұзақтығы: 100 минут.
♦ IMDb: 6,2.
"Хант кеші" фильмінен үзінді
Күйзелістен кейін әскери журналист Саймон Хант көп адаммен байланысын үзеді. Бес жылдан соң оның әріптесі Дак Сараево қаласына жас репортер Бенджаминмен Босниядағы бейбіт уақыт туралы түсірілім жасауға келеді.
Кенет Саймон олармен байланысқа шығып, нағыз сенсация ұсынатынын айтады. Ол сербиялық әскери қылмыскерді табуға көмектесемін деп оларды әскери операция жүріп жатқан аймаққа алып кетеді.
2. Басылым
The Paper / Газета
♦ АҚШ, 1994 жыл.
♦ Драма, комедия.
♦ Ұзақтығы : 107 минут.
♦ IMDb: 6,7.
"Басылым" фильмінен үзінді
"Нью‑Йорк Сан" басылымы банкрот алдында тұрған еді. Бір күні бас редактор Алисия Кларктың қолына алғашқы бетке арналған материал тиеді. Ол жерде екі жас баланы айыптайтын қылмыстық іс баяндалған болатын. Материал жарық көрместен бұрын, редактор ақпараттың дәлдігіне көз жеткізу үшін зерттеу жұмысын жүргізеді.
3. Жеке майдан
A Private War / Частная война
♦ Ұлыбритания, АҚШ, 2018 жыл.
♦ Драма, әскери, биография.
♦ Ұзақтығы: 110 минут.
♦ IMDb: 6,8.
"Жеке майдан" фильмінен үзінді
Әскери журналист Мэри Колвин "Тамил жолбарыстары" гуманитарлық көмекті шектеп отырған Шри‑Ланкаға аттанады. Бірақ журналист зерттеу жұмыстары кезінде өлім аузынан аман қалады. Бір көзінен айырылып, елге оралған Мэри қайтадан өмір сүруді үйренуге мәжбүр болады. Фильм америкалық жанкешті журналисттің өмірі негізінде түсірілген.
4. Жазба
The Post / Секретное досье
♦ АҚШ, Ұлыбритания, 2017 жыл.
♦ Драма, тарихи.
♦ Ұзақтығы: 116 минут.
♦ IMDb: 7,2.
"Жазба" фильмінен үзінді
Вьетнам соғысы. Аналитик Дэниел Эллсберг мемлекет өз азаматтарын алдап отырғанын жақсы біледі. Олар Пентагонның құпия құжаттарын ұрлап, оны The New York Times басылымына шығарады. Ал олардың әріптесі The Washington Post болса, сырттай бақылауға мәжбүр.
Бірақ редактор Бен Брэдли мен баспагер Кэтрин Грэм Эллсберг жеке құжаттарымен танысуға мүмкіндік алады. Енді олар белгілі бір шешімге келу керек: мақала жарыққа шықса билік, газетті толығымен жрйыа жіберуі мүмкін.
5. Президенттің бар адамы
All the President’s Men / Вся президентская рать
♦ АҚШ, 1976 жыл.
♦ Триллер, драма, тарихи.
♦ Ұзақтығы: 138 минут.
♦ IMDb: 8,0.
"Президенттің бар адамы" фильмінен үзінді
The Washington Post тілшілері Боб Вудворд пен Карл Бернстайнге "Уотергейт" қонақ үйінде АҚШ Демократиялық партиясының штаб-пәтеріне жасырын кірді деген айыппен тұтқындалған 5 адам жайлы материал дайындау тапсырылады. Нәтижесінде қолға түскен адамдардың CIA-мен байланысы бар болады, ал олардың мақсаттары жасырын тыңдау жұмыстарын жүргізу болғаны анықталады.
6. Басты назарда
Spotlight / В центре внимания
♦ АҚШ, 2015 жыл.
♦ Драма, криминал, биография.
♦ Ұзақтығы: 129 минут.
♦ IMDb: 8,1.
"Басты назарда" фильмінен үзінді
Танымал америкалық The Boston Globe басылымына жаңа редактор келеді. Марти Бэрон келе салысымен қол астындағылар арнайы зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырады. Ол оқиғаның негізі педофил-діни қызметкермен байланысты екенін алға тартады. Тілшілер осылайша Бостон католиктер шіркеуінің былығын ашады.
7. Қолдағы бақ
Ace in the Hole / Туз в рукаве
♦ АҚШ, 1951 жыл.
♦ Фильм‑нуар, драма.
♦ Ұзақтығы: 111 минут.
♦ IMDb: 8,1.
"Қолдағы бақ" фильмніне үзінді
Белсенді журналист Чак Тейтум кез келген нәрседен сенсация дайындауға әзір. Үңгір ортасында қалып қойған кәсіпкер Лео Миносе туралы естіген бойда, Тейтум құтқарушылардан асықпай әрекет етуін сұрайды. Өйткені, осылайша ол осы тақырып аясында бірнеше мақала жазуға мүмкіндік алатын еді.
Т. Есқали