- Негізгі бет
- Кино
- Жүрекке жылулық сыйлайтын...
Жүрекке жылулық сыйлайтын 5 фильм
Қараша айы жақындаған сайын күн суытып келеді. Жаздағыдай енді далаға шығып, бақта серуендегеннен гөрі, үйде отырып, жылы көрпешенің астында жатып, кино көргіміз келеді. Бүгін демалыс күндері қарауға болатын, жүрекке жылулық сыйлайтын 5 фильмді ұсынамыз.
Өткен түні / Прошлой ночью в Нью-Йорке / Last Night
Жас жұбайлар бір күнге екіге бөлінеді: жігіт өзінің көрікті әріптесімен іссапарға кетеді, ал әйелі болса ескі танысын кездестіріп қалып, онымен кешкі ас ішуге келіседі. Осылайша сұрағы көп, жауабы аз ұзақ түн басталады. Жарыңмен бір керуетте жатып, өзге жан туралы ойлауды қалай қоюға болады? Мен тұрмыста, оның сүйіктісі бар, арадағы тартылысты қалай жоямыз? Уақытша сезімге берілген дұрыс па әлде біреуді ұзақ уақыт жасырын түрде жақсы көрген жөн бе? Осындай сұрақтар қою арқылы фильм көрерменге жіберіп алған мүмкіндіктер мен жас жұбайлардың ішкі жалғыздығын көрсетеді. Сүю бөлек, отбасы болу бөлек екенін де көрсетеді.
Ноттинг Хил / Ноттинг Хилл / Notting Hill
Уильям Тэкер — кітап дүкенінің басшысы. Жары оны тастап, өзгеге кетіп қалғалы бері оның өмірі күрт өзегреді. Ол енді майонезді йогурттан айыра алмайтын көршісімен тұрады. Бір күні оның дүкеніне Лондонға киноға түсу үшін келген, голливуд жұлдызы Анна Скотт келеді. Уильям бойжеткеннің үстіне апельсин шырынын төгіп алады. Уильям актрисамен кездескен сәттен бастап, сөздерді шатастырып, ойын жинақтай алмай біртүрлі болады. Анна оның бұл қылығына қызығушылық танытып, оны өзіне қонаққа шақырады. Америкалық пен лондонлық арасындағы сезім осылайша ұшқынға айналады. Бірақ олар БАҚ өкілдерінен қашанға дейін жасырынбақ?
Менің Нью-Йорктегі жылым / Мой год в Нью-Йорке / My Salinger Year
Жас жазушы Джоан өз шығармаларымен әлемді мойындатуды армандайды. Барлық жазушы секілді ол мансап жолын әдеби орталықтың хатшысы ретінде бастайды. Оның жаңа басшысы Маргарет танымал жазушуы Джером Сэлинджердің агенті қызметін атқарған. Джоан оның "Жар жағалаған жалғыз" кітабын оқымаса да, басқа кітаптарын жатқа біледі. Оған Сэлинджердің өзімен танысу мүмкіндігі бұйырады.
Елес / Привидение / Ghost
Бақытты жұп жақында жаңа үйге қоныс аударып, енді ғана өмірдің басқа парағын ашады. Бір күні кешкісін үйге келе жатқан сәтте оларға біреулер шабуыл жасайды. Төбелес кезінде Моллидің сүйіктісі Сэмді біреу атып тастайды. Жігіт ұрылардың артынан жүгіре жөнеледі, қайтып оралғанында Моллидің оның денесінің жанында жылап отырғанын көреді. Осылайша Сэмге жаңа әлемнің есігі ашылады. Ол өзі сияқты елестерді көреді. Кейін екі әлемнің ортасында жайдан-жай қалмағанын ұғады. Сэм өз сүйіктісін төніп тұрған қауіптен аман алып қалмақ ниетте.
Нью-Йорктегі жалғыз тірі жігіт / Единственный живой парень в Нью-Йорке / The Only Living Boy in New York
Томас жаңа көршісімен танысқан сәттен бастап, тіл табысып кетеді. Қарт өзі туралы ашылып айта қоймағанымен, жас жігітті баурап алады. Томас өзінің ішкі уайымымен бөлісе бастайды, әсіресе әкесімен қарым-қатынасын ашық айтады. Әкесінің адал жар болмауы оның өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Т. Есқали