18 желтоқсанда қазақ-өзбек киногерлерінің Жоғалған бақыт атты көркемфильмі қалың көрермен назарына ұсынылды. Фильмнің режиссері және авторы өзбекстандық Фируза Эгамбердиева. Фирузаның қоржынында бұл фильмнен бөлек Сабақ, Сиви немесе тағдыр тауқыметі кинокартиналары бар. Бұл фильм көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамын. Себебі, қазіргі қоғамда бұл тақырыпта көптеген келеңсіз оқиғалар орын алуда. Осы бір фильм сондай олқылықтарың орнын толтырып, кез келген адам фильмді көру арқылы бұл мәселе аясында ой түйсе деген мақсатпен жарыққа шығардық. Аналар тақырыбы ең өзекті, ең маңызды мәселе болғандықтан, осы шеңберде кино түсіруді қолға алдым. Махаббат және бизнес кемшіліктерінің салдарынан болашақ ананың өмірі құрдымға кететін оқиғалар осы фильмді басқа киномен шатастырудан алыстатады. Атаулы фильмнің түсірілімі былтырғы жаздың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының біраз аумағында түсірілді. Барлығы 14 күн ішінде түсірілген фильмде жұмыс атқарған шығармашылық топ бірнеше ұлттан құралған. Бұл фильмге түскен қазақстандық әртістердің қатарында Сұлу Серік, Төребек Урин, Индира Садықова, Санжар Усмонов, Махамбет Балтабаев сияқты кино және театр әртістері бар. Жоғалған бақыттың алғашқы көрсетілімі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кинотеатрларында қатар көрсетілді. Фильм продюсері өзбекстандық Келдиер Хужаеров. Ал сценарий авторы Кучкор Норкобилов.