- Негізгі бет
- Кино
- Жігіттерге ұнайтын үш...
Жігіттерге ұнайтын үш фильм
Жігіттер төбелес (боевик) жанрындағы фильм көруді ұнатады. Назарларыңызға кино әлемінде ең жоғары рейтингке ие болған үш фильмді ұсынамыз.
1. «38-ші параллель/Taegukgi hwinalrimyeo»
Оңтүстік Кореяның бұл туындысын түсіруге 12 млн 800 мың АҚШ доллары жұмсалды. АҚШ-та «38-ші паралель» бар болғаны 1 млн 112 мыңға жуық қаржы жинаса, әлем бойынша 68 млн 717 мың АҚШ долларына ие болды.
Фильм 1950-53 жылдарда Кореяда болған соғыс туралы. Джин Тае атты бас кейіпкер жақындарын танк пен ауыр қарудың оғынан қорғау үшін барын салады. Бауырын соғыстан арашалап қаламын деп Джин өзі жас солдаттардың арасына түседі.
2. «Жалғыз қасқыр/A man apart»
Бұл фильмнің продюсері де, басты рөлдегі актері де – Вин Дизель. 2003 жылы түсірілген «Жалғыз қасқыр» фильмі өз бюджетінен бар болғаны 8 млн доллар ғана ұтты. Оған қарамастан фильм киносүйер қауымның көңілінен шықты.
Фильм сюжеті бойынша Шон есімді агент мексикалық есірткі контрабандасымен күреседі.
3. «Атушы/Shooter»
Бұл фильм өз бюджетін ақтағаны сөзсіз.
Боб Ли атты тәжірибесі мол снайпердің президентті өлтіру операциясына қатысқаны анықталады. Боб біреу өзін үкімет қолына ұстап бермекші болғанын түсінеді.
Бұл үш фильмнің қайсысын көрдіңіз?
Ф. Абилова