Жігіт телехикаядағы басты рөл үшін биіктен секірді

Қазақстандық телехикаяда басты рольді сомдау үшін жас жігіт 9 қабатты үйдің биіктігінен секірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі "Қазақстан" РТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық жас актер Серік Шәріп балалар үйінің тәрбиеленушілері жайындағы "Аяулы арман" телехикаясында басты рольді сомдау үшін ерекше әрекет жасады. 9 қабатты үйдің биіктігінен құзға секіруге талпынған актер бейнелеген ролик әлеуметтік желілерде тарады. 

"Бұл әрекеттің ерекше болуының себебі, Серік шынымен де акрофобияға шалдыққан, яғни биіктіктен қорқатын. Ол мұндай қадамға хикаяда басты рольді сомдау үшін барғанын жасырмай айтты. Серік сомдайтын кейіпкер қатал мінезге ие болуы тиіс. Алайда алғашқы түсірілім күндерінен кейін жас актерге батылдық пен қаталдық жетіспейді деген мін тағылды", - делінген хабарламада.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жетімдердің өмірі жайлы телехикаяның түсірілетіні хабарланған болатын. 64 сериялы хикаяның түсірілімі 1 шілде күні басталды. Теленовелланы түсіруші - қазақстандық режиссер әрі сценарийші Рашид Сүлейменов.