«Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаев «Миссия келін» атты жаңа романтикалық фильмге түсуде.
Фильмді бұған дейін тұңғыш қазақ мистикалық «Фуга. Дорога в никуда» атты көркемсуретті фильмді ұсынған режиссер әрі сценарист Еркебұлан Жолдасов түсіруде. Бұл туралы фильм режиссері Еркебұлан Жолдасов өзінің инстаграм парақшасында жариялады. Фильмнің жұмыс жобасы әзірге "Миссия келін" деп аталады.
Түсірілім жұмыстарымен айналысып жатқан Adina production түсірілім тобы екені де белгілі болып отыр. Бұған дейін 26 шілде күні Еркебұлан Жолдасов жаңа романтикалык-комедиялық фильмге Шымкент қаласында кастинг жариялаған болатын.
Фильм туралы толық ақпарат алу үшін әнші Жігер Ауыпбаевқа хабарласқанымызда "Иә, рас, бірақ мен режиссердің келісімінсіз мұндай ақпаратты бере алмаймын. Рұқсат болған соң бірақ айта аламын" деді. Алдағы уақытта режиссерден фильм туралы толық ақпаратты сұрайтын боламыз.
Оқи отырыңыз:
"Меломен" тобы Моңғолияда
"Меломен" тобы: "Жаңа продюсер болса, жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз"
Автор: Ардақ Құлтай
Сурет: Еркебұлан Жолдасовтың instagram парақшасынан