- Негізгі бет
- Кино
- Жеті жыл бойы...
Жеті жыл бойы түсірілген мультфильмнің жемісі қалай болар екен?
Шымкентте сақ дәуіріне жасалған археологиялық зерттеулер нәтижесінде 45 минуттық мультипликациялық фильм түсірілді. Жобамен жұмыс жеті жылға созылды. Осы жылдары аниматорларда қаржылық қиындықтар туындап отырды.
Мультфильмнің директоры Нұриддин Паттеевтың айтуынша, барыс пен батырдың тарихын жасауда жеке құралдар да пайдаланылды. Сондықтан мультфильм авторлары мемлекеттің көмегіне жүгініп отыр. Әйтпесе жаңа жобаның көгілдір экранға шығуында қиындықтар туу әбден мүмкін.
Мультипликаторлар Сауран батыр мен қанатты барысты ұлттық бренд ретінде жасаған. Өйткені олар танымалдығымен батыс мультфильмдеріне де енген. Фильмнің желісі бойынша, Сауран мен барыс туған жерін Қара Түнек басқыншыларынан құтқаруы керек.
Авторлар бұл тарих арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың өз дәстүрі мен өткен тарихына деген сүйіспеншілігін арттыруға болатын айтады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: inform.kz
А. Әбілхан