XXI ғасырдың алғашқы жылдарында атақты боп, барлығымызды көгілдер экранға телмірткен "Женщина с ароматом кофе" деген сериал болды.
Оның атауы Cuando Seas Mía ("Сен қашан мендік боласың?") болатын. Мексиканская теленовелланы TV Azteca каналы түсірген. Бұл 1994 Колумбияда түсірілген "Женщина с ароматом кофе" картинасының ремейкі және Сильвия Наварро мен Серхио Басаньестің актер ретіндегі екінші тандемі.
Сериал сюжеті бойынша Диего Санчес (Серхио Басаньес) атасы Дон Лоренцоны жерлеуге Касабланкадағы үйіне келеді. Онда ол анасы Соледадпен бірге жыл сайын плантацияда кофе жинайтын Палома (Сильвия Наварро) есімді жас қызды кездестіреді. Диего мен Палома арасында махаббат оты жанады. Бірақ жас жігіт оқуын жалғастыру үшін Лондонға оралуы керек. Ғашықтар бір жылдан кейін танысып, үйленетініне келіседі. Көп ұзамай Палома сәбилі болатынын түсініп, Диегоны іздеп Еуропаға аттанады. Онда бойжеткен алаяқтардың қолына түсіп, баласынан айырылады. Бір жылдан кейін Диего үйге оралып, сүйіктісінің жезөкше болғанын біледі. Амалсыздан Лондонда танысқан Берениске үйленуге келіседі. Палома белгіленген күннен кеш оралып, сүйіктісінің үйленгенін біледі. Ол басқа атпен жаңа өмір бастау үшін үйінен кетеді. Бірақ тағдыр Диего мен Паломаны қайта жолықтырады...
Осыдан 20 жыл бұрын жүрегімізді жаулаған сериал актерлері қазір қандай?
Диего Санчесті сомдаған Серхио Басаньес
Ол 1970 жылы 4 мамырда Поса-Рика-де-Идальгода дүниеге келген. Фильмдерде жас кезінен ойнай бастады, содан кейін Televisa студиясына жұмысқа кіреді. 1990 жылдардың басында Televisa студиясындағы қаржылық дағдарысқа байланысты көптеген көрнекті актерлермен бірге ол TV Azteca студиясына ауысып, біз әңгімелеп отырған сериалға қатысады. Бүгінгі таңда ол Латын Америкасы елдерінде актерлік қызмет етіп жүр.
Паломаны сомдаған Сильвия Наварро
Ол 1978 жылы 14 қыркүйекте Мексиканың Гунахуато штатындағы Ирапуато қаласында дүниеге келген. Сильвияның ата-анасы оның алты жасында ажырасып, әкесімен бірге тұруға мәжбүр болды.
Сильвия бала кезінен-ақ түрлі жарнамалық роликтерде ойнай бастады. Актрисаға дүниежүзілік атақ теленовеллаларға түсу арқылы келді.
Фабианды сомдаған Родриго Абед
Ол 1970 жылы 6 қыркүйекте (кейбір басқа деректер бойынша 1972 жылы) Мехико қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ол актер болуды армандаған. Нью-Йорк университетінде сценарий жазу бөлімінде тағылымдамадан өткен. 2003 жылы ең үздік актер үшін берілетін Diosa de plata сыйлығын жеңіп алды.
Барбараны сомдаған Анетт Мишель
Анетт Мишель Каррилло - 1971 жылы 30 маусым Гвадалахара қаласында дүниеге келген мексикалық актриса және модель.
Мишель өзінің мансабын жас кезінде модель ретінде бастады. Ол үйіне көмектесу үшін костюмдер модельдеген. Журналдарға берген сұхбатында ол әкесінің бала кезінде қайтыс болғанын, сондықтан оның туыстары оның оқуына қаржылай көмектескенін айтады. Содан кейін ол Мехикоға көшіп, әйгілі Contempo модельдік агенттігінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Одан әрі актерлік мансап пен дүниежүзілік атақ.
Бенериканы сомдаған Марта Кристиана Мерино Понсе де Леон
Ол 1971 жылы 27 наурызда Пуэбла де Сарагосада туған. Мексикалық теледидар, театр және кино актрисасы және модель. Ол негізінен осы сериалдағы Беренис Сандовалдың рөлімен танымал.
Оның әкесі сәулетші, ал анасы саяси элитадан шыққан. Пуэблада туғанымен, Марта балалық шағы Дурангода өтті. Ол шоу-бизнесті Мисс Пуэбла және Мексика аруы сияқты сұлулық байқауларына қатысқан. Ол 1987 жылы "Халықаралық ару" байқауында үшінші орын алып, 90-жылдардағы ең танымал мексикалық модельдердің біріне айналды.Ол кейіннен Hello!, Vogue, Elle және Marie Claire сияқты журналдардың мұқабасына шыққан.
Ол сонымен қатар зергерлік бұйымдардың дизайнері және 2010 жылы өзінің алғашқы зергерлік бұйымдар топтамасын шығарды. Оның Лукас, Матео және Альберто есімді үш баласы бар.