Жазушы Сергей Довлатов туралы фильмнің трейлері шықты

Жазушы Сергей Довлатов туралы фильмнің трейлері шықты

Осы аптада жазушы Сергей Довлатовтың өміріндегі 4 күннен сыр шертетін жаңа картина жарыққа шығатыны белгілі болған. Енді ирония шеберінің Бродскиймен болған әңгімелерін еске салатын фильм трейлері де youtube желісіне жүктелді.

Фильм сюжеті бойынша, оқиға 70-ші жылдардың басында Ленинград қаласында орын алады. Бұл Довлатовтың досы, болашақ Нобель сыйлығы лауреаты Иосиф Бродскийдің эмиграциясы алдындағы бірнеше күн. Осы аралықта түрлі қызықты оқиғалар орын алады. Криминалмен қақтығыс. Ленинградтағы әдеби орта. «Ленфильм» киностудиясы. Музыка. Өлең оқу. Көрермен осының бәріне куәгер бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Довлатов» көркемфильмі —  Алексей Алексеевич Германның туындысы. Премьерасы биылғы наурыз айына жоспарланып отыр.

"Біздің әдебиет – трагедиялық толқын әдебиеті. Довлатов ерекшелігі – оның осыны түсініп, ешкім өзгерте алмайтын дүниені қабылдай білуінде. Ол бұл фактіге ирониямен қарайды. Ол өзі бағалайтын америкалық жазушыларға ұқсайды. Өзі де қысқа әрі нұсқа жазған" – дейді кіші Алексей Герман жазушы туралы.


А. Оралқызы