Еліміз түгілі Батыс елдерін дүркіреткен Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың баласын" қазақстандықтар телеэфирден көре алатын болды. Фильм 5 шілдеде, 22.05-те "Қазақстан" арнасынан, 6 шілде күні, сағат 22.30-да "Хабар" арнасынан көрсетілетін болады. Бұл туралы Мегаполис газетінде жазылыпты.
Астана күніне орай отандастарымызға осылайша сыйлық жасалатын болады. Айта кетелік, прокаты жаңа ғана аяқталған фильмді телеэфир арқылы көпшілікке ұсыну елімізде алғаш рет орын алғалы отыр.
"Жаужүрек мың бала" фильмі кинотеатрларға 6 мамыр күні шығып, екі демалыста 2 миллион долларға жуық қаржы жинап, отандас фильмдердің арасында рекорд орнатқан болатын. Картина сонымен қатар 17 мамыр күні Канн фестивалінде көпшілікке ұсынылып, көрермендердің ерекше ілтипатына ие болған еді. Шет елдік сыншылар фильмге Голливудтық блокбастерлерден кем емес деген баға берген болатын
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kazakhfilmstudios.kz