Белгілі актриса Жәния Джуринская қызына қандай есім қойғанын айтты, - massaget.kz тілшісі.
Ол Instagram-парақшасында бұрыннан осы есімді армандағанын жеткізді.
"Sofi 16.06.22
жасөспірім кезімнен бері осы есімді жақсы көремін және қызымды осылай атауды армандадым! Айтпақшы, бұрыннан келе жатқан оқырмандарым бұл туралы біледі. Сонымен қатар, бұл - менің әжемнің аты.
Қыз екенін білгенде, Данияр менде есім барын біліп, қолдады! Жалғыз нәрсе, бізде соңындағы "я" әрпіне қатысты дау болды. Мен "София" болғанын, ал күйеуім "Софи" болғанын қалады. Бірақ босанып жатқан кезде қиналғанымды көріп, Даник аяп, әрең дегенде: "жақсы, құжаттарда София болсын, бірақ Софи деп атаймыз" деді. (...) Ана болу қандай бақыт!" - деп жазды ол.
Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, қыздарға арнап қойылатын "Софи" есімі грек тілінен алынған. Оның "София" деген де нұсқасы бар. Бұл есімнің мағынасы ежелгі грек тілінен алғанда, "даналық, парасаттылық, ғылым" дегенді білдіреді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық актриса Жәния Джуринская ана атанғаны хабарланған болатын. Қуанышты жаңалықты оның жұбайы шоумен Данияр Хизметов Instagram-да жазған еді.