Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Жапонияның беделді телекоммуникациялық компаниясы SoftBank Голливудтың алып киностудиясы DreamWorks Animation акцияларын толық иемдену мақсатында келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлайды. Нақтырақ айтсақ, бұл туралы The Wall Street Journal және өзге де АҚШ-тың баспасөз агенттіктері өткен жексенбіде айтты.
Белгілі бір ақпарат көздерінде аталған келіссөз 3 миллиард 400 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр делінген. Дегенмен, әзірге SoftBank компаниясының басшысы Масаёси Сон ғаламтор беттерінде шығып жатқан болжамдар мен расталмаған ақпараттарға еш жауап қатпайтынын айтты. Жапондар голливудтық киностудияны өз меншігіне алу арқылы өзінің банктік қызметтерін Америка құрлығында да арттыруды көздеп отыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.japantimes.co.jp