Sony Pictures компаниясы фильм таныстырылымын 2014 жылдың 7 ақпанына ауыстырды.
Бұл атышулы фильмнен басқа да Sony Pictures компаниясы тағы бір фильмін, Нил Блогкамптың «Элизиум» фильмін келер жылдың тамыз айына дейін созды. Бұл фильмді компания үстіміздегі жылдың наурыз айына жоспарлағаны белгілі еді. Ең басты себеп: екі бірдей блокбастердің шығу мерзімін алшақтатайын деген амал екен.
«Робокоптың» жаңа нұсқасымен айналысып жатқан режиссер Жозе Падилья («Элиталық жасақ», «Элиталық жасақ: Іштегі жау»). Ал темір полицейдің рөлін швед актері Юэль Киннаман сомдайды. Ол көрерменге «Өлтіру» («Убийство»), ««Кейптаун» мүмкіндік кілті» («Код доступа "Кейптаун"), «Айдаһар татуировкалы қыз» («Девушка с татуировкой дракона»), «Фантом» деген секілді кинофильмдер арқылы таныс екенін айта кетейік. Картинада Гари Олдман (ол робокопты құрастырушы ғалымның рөлінде), Сэмюэл Л. Джексон, Джей Барушел, Эбби Корниш және Джеки Эрл Хейли сияқты танымал актерлер бар.
Еске сала кетсек, ең алғашқы «Робокоп» фильмі Пол Верховеннің тарапынан түсіріліп, сатылымға 1987 жылы шыққан-тын. Ал бұл картинада басты рөлді Питер Уэллер сомдаған болатын. Ал кейінгі бөлімдері 1990 және 1993 жылдары жарыққа шыққан еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
сурет: semania.tv